Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады
4
Жұбанов университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы даму бағдарларын айқындап, жаңа тарихи кезеңдегі басым міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, адами капиталды нығайту, білім мен ғылымның әлеуетін арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру ең алдымен білімді, білікті әрі жаңашыл мамандар даярлауға байланысты екенін айтты.  «Қазіргі заманның басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды. Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Осы бағытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті білім сапасын арттыру, ғылым мен инновацияны дамыту және ел игілігі үшін білікті мамандар даярлау жолындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.