Басты бет > Жаңалықтар > Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік
4
Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік

Жастардың ел болашағындағы рөлі, азаматтық белсенділік және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары – университет қабырғасында өткен TED-style пікір алаңының негізгі тақырыбына айналды.

5 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кітапханасында «Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер, ортақ жауапкершілік» тақырыбында TED-style форматындағы пікір алаңы ұйымдастырылды.

Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер және жас буынның ел дамуына қосатын үлесі кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту және ел болашағына қатысты белсенді ұстаным қалыптастыру.

Пікір алаңында әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Нарқозы Есенгельдіұлы Қартжан, «Жастар рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Алишер Тыныштық, сондай-ақ Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің маманы А.А. Көптілеу спикер ретінде сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөздерінде Жолдауда көтерілген маңызды мәселелерге тоқталып, жастар саясатының өзекті бағыттары мен өскелең ұрпақ алдындағы мүмкіндіктер туралы ой бөлісті. Сонымен қатар жеке тәжірибелері мен кәсіби көзқарастарын ортаға салып, жастардың қоғамдық бастамаларға араласуы мен ел өміріндегі жауапкершілігіне назар аударды.

Дәстүрлі баяндамадан ерекшеленетін TED-style формат қатысушыларға еркін пікір алмасуға, өзекті сұрақтар қоюға және тың идеяларды талқылауға мүмкіндік берді. Ашық диалог барысында жастардың азаматтық ұстанымы, сыни ойлауы және қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мәселелері қозғалды.

Кездесу қорытындысында Жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рөлі ерекше екені атап өтілді. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың біліміне, бастамасына және ортақ іске деген жауапкершілігіне тікелей байланысты.