Басты бет > Жаңалықтар > Студенттерге – жаңа мүмкіндік, білімге – жол! 🎓
4
Студенттерге – жаңа мүмкіндік, білімге – жол! 🎓

Білімге қолжетімділікті арттыру және талантты жастарды қолдау – Жұбанов университетінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026–2027 оқу жылында университет пен әлеуметтік серіктес компаниялар білім алушыларға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер ұсынып, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Атап айтқанда, университет тарапынан 191 білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берілді. Жеңілдіктер 100%, 50%, 35%, 25% мөлшерінде, сондай-ақ 100 000–150 000 теңге көлемінде ұсынылды.

Бұл – жастардың сапалы білім алуына, кәсіби әлеуетін дамытуына және алға қойған мақсаттарына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды қолдау. Сонымен қатар, мұндай бастамалар ата-аналар үшін де үлкен демеу болып, перзенттерінің білім алуына жағдай жасауға септігін тигізеді.

Университеттің әлеуметтік серіктестері – «ҚазақОйлАқтөбе» және «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» компаниялары да 2026–2027 оқу жылына бір оқу жылына білім алушыларға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берді.

Атап айтқанда:

▪️ «ҚазақОйлАқтөбе» компаниясы 77 білім алушыға жалпы сомасы 25 269 100 теңге;

▪️ «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» компаниясы 118 білім алушыға жалпы сомасы 70 396 840 теңге көлемінде жеңілдік ұсынды.

Білімге салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция. Университет пен серіктес компаниялардың бұл бастамасы жастардың әлеуетін ашуға, білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.