Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбеде IDP IELTS Edu-Fest білім фестивалі өтті
4
Ақтөбеде IDP IELTS Edu-Fest білім фестивалі өтті

Ақтөбе қаласында жоғары сынып оқушылары мен талапкерлерге арналған IDP IELTS Edu-Fest білім фестивалі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды Қазақстандағы ағылшын тілінде білім беретін жетекші жоғары оқу орындарымен таныстыру, сондай-ақ IELTS халықаралық емтиханына дайындық бойынша пайдалы ақпарат пен практикалық кеңестер ұсыну.

Фестиваль аясында қатысушылар еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Олардың қатарында:
- Назарбаев Университеті;
- Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ);
- КИМЭП Университеті;InVision University;
- Heriot-Watt University болды.

Сонымен қатар қатысушыларға IELTS емтиханының негізгі бөлімдері бойынша тәжірибелік мастер-класстар ұсынылды. Атап айтқанда, мамандар Speaking бөлімінде сөйлеу дағдыларын дамыту, Writing Task 1 және Task 2 тапсырмаларын орындау ерекшеліктері, Reading бөлімінде мәтінмен тиімді жұмыс істеу стратегиялары жөнінде кеңестерімен бөлісті.

IDP IELTS Edu-Fest – жастардың халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат алуына, кәсіби бағдарын айқындауына және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге қажетті дайындық бағыттарымен танысуына мүмкіндік берген маңызды алаң.