Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды
4
Жұбанов университетінде адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды

Жұбанов университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде адам капиталын дамыту, білім мен ғылымның сапасын арттыру, жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру және олардың қоғам өміріне белсенді қатысуы мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облысы корейлер қауымдастығы этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Шек қоғамдық келісім мен этносаралық ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. «Қоғамдық келісім» КММ жастар бірлестігінің төрағасы Зульфия Набиулина жастардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігі туралы пікір білдірді.

Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин адам капиталының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін ғылыми тұрғыдан саралады. Ал «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Марғұлан Нұрмағамбетов қоғамдық үдерістерді зерделеуде ғылыми-сараптамалық жұмыстың маңызын атап өтті.

«Ашық микрофон» форматында жалғасқан кездесуде студенттер мен оқытушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында сапалы білім, ғылыми ізденіс және азаматтық жауапкершілік өзара ұштасқанда ғана адам капиталының әлеуеті толық ашылатынына назар аударылды.