Белсенді жастар — университет мақтанышы! 🎓✨
Бүгін университетте Халықаралық студенттер күніне орай топ басшылары мен қоғамдық өмірде ерекше көзге түскен жастарды марапаттау рәсімі өтуде.
Сабақ пен қоғамдық жұмысты қатар алып, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген барша белсенділерге алғысымыз шексіз. Бұл марапат — өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен еңбектеріңіздің нәтижесі!
Студенттік шақтарыңыз қызықты сәттер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын.
Төл мерекелеріңізбен және лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!