Басты бет > Құттықтаймыз > Студенттеріміз — «Үміт» фестивалінің бас жүлде иегерлері
4
Студенттеріміз — «Үміт» фестивалінің бас жүлде иегерлері

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары оқу орындарының студенттік театрлары арасында V республикалық «Үміт» фестивалі өтті.

Фестивальде «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының студенттері сахналық шеберлігі мен өнерін танытып, Бас жүлдеге ие болды.

Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жұмыстарына табыс тілейміз.