Қауіпсіз орта – ортақ құндылық
Бүгін Жұбанов университетінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында «Қауіпсіз орта – ортақ құндылық» тақырыбында панельдік отырыс өтті.
Кездесу барысында тұлғааралық сыйластық, құқықтық жауапкершілік, қаржылық дербестік және зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Панельдік отырыста Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі, психолог Анна Гниденко, Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Маржан Қорғанбаева, Ақтөбе облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Айгүл Нуркеева және «Business Qoldau» ЖШС директоры, Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің жетекшісі Жұлдыз Баубекова сөз сөйледі.
Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, ашық пікір алмасты.
Қауіпсіз орта – өзара құрметтен, саналы әрекеттен және әр адамның жауапкершілігінен басталады.