
Zhubanov university және Heriot-Watt university: Әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері
Жұбанов университетінің басшылығы Эдинбург қаласына жұмыс сапары барысында Хериот-Уотт университетінің жаңа ректоры Стивен Маклафлинмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен жоспарларды талқылап, 2025-2026 оқу жылына студенттерді қабылдау, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді шетелдік кампустарға жіберу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова Хериот-Уотт университетінің Эдинбург кампусында білім алып жатқан Ақтөбе кампусының студенттерімен жүздесіп, олардың оқу жетістіктері, тұрмыс жағдайы және университет ұсынатын мүмкіндіктерімен танысты. Студенттер оқу бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамы және академиялық орта туралы өз әсерлерімен бөлісті.