ЖАС МАМАНДАР МЕН ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫНЫҢ (PHD) ЖҰМЫСТЫ ӨТЕУ МІНДЕТІ
2025-26 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН
Грант немесе ауыл квотасы бойынша білім алған: СТУДЕНТТЕР / МАГИСТРАНТТАР / ДОКТОРАНТТАР
Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соның ішінде білім беру, бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 236-VIII ҚРЗ сәйкес «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-2 жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандар тармағына енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларға байланысты, ЖОО түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Өзгерістер мен толықтырылулар:
47-баптың 17-2-тармағында:
3) резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен және оқуын аяқтаған адамдарға;
3-1) Шетелдік білім беру ұйымдарында резидентураға (ординатураға), магистратураға, аспирантураға, докторантураға түскен және оқуын аяқтаған адамдарға оқу кезеңінде жұмыспен өтеу бойынша кейінге қалдыру беріледі.
6) тармақшадағы "азаматтарға беріледі." деген сөздер "азаматтарға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылған:
7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға;
8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі."
Ескерту: (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қосымша ақпараттар алу үшін Telegram арнасына сілтеме. Жазылуды ұмытпаңыз!
- Білім - https://t.me/+xq2Tnll_NmU3ZWRi
- Ауыл квота білім - https://t.me/+NOS7e4UIXjxmYWFi
- Грант педагогикалық емес мамандықтар - https://t.me/+LkccKspgBXMxZWI6
- Ауыл квота педагогикалық емес мамандықтар - https://t.me/+Vi5q98Pr_4YxYmRi
Бұл Telegram-канал мемлекеттік тапсырыс (грант/ауыл квота) бойынша оқып жатқан студенттер мен түлектер үшін арнайы ашылды. Грантта білім алған түлектер Заң бойынша ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс. Бұл арналарда жұмыс өтеліміне қатысты ақпаратттар жарияланатын болады.
Ауылдық квота бойынша түскен студенттер ауылдық жерлерде 3 жыл келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейді:
- Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушылар-білім беру ұйымдарында (мектеп, балабақша, бөбекжай және т. б.) жұмыс істейді.
ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ ЖАЛПЫ КОНКУРС БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСКЕН СТУДЕНТТЕР ҮШІН:
Міндетті 3 жылдық еңбек өтілімі грант негізінде оқу бітірген келесі түлектерге жүктелген:
- Педагогикалық мамандықтар бойынша тек қана білім беру мекемелерінде (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, балабақшалар және т. б.) жұмыс істейді.
- Басқа мамандықтар бойынша (педагогикалық және медициналық мамандықтардан басқа) кез келген ұйымдарда жұмыс істейді.
- Жалпы конкурспен грантқа түскен студенттер ЖОО-ны бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының кез-келген қалаларында немесе ауылдарында жұмыс істей алады.
2026 жылдың Сәуір-Мамыр айларында мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант/ауыл квота) бойынша оқыған түлектерге арналған жұмысты өтеу мәселелері бойынша консультациялар өткізілетін болады. Консультациялар өткізу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
Біздің байланыстар
1. Бакалавриат бойынша
Email: career@zhubanov.edu.kz
тел.: +77471082965
2. Магистратура, докторантуры бойынша
Email: career@zhubanov.edu.kz
тел.: +77082921166