БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Академиялық сапаны арттыру департаменті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының жұмыстарын үйлестіреді. Бағдарламаға қатысатын студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына сапалы білім беру және зерттеу бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ білімнің жаңа қорын жинақтауына жағдай жасалады.

Ішкі академиялық ұтқырлық – бұл білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге басқа оқу немесе ғылыми мекемеге Қазақстан Республикасында оқуға немесе зерттеуге ауыстыру. Бағдарламаны жүзеге асыру Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ішкі академиялық ұтқырлық студенттерге, магистранттарға және докторанттарға қолданылады.

Бағдарламаның бағыттары

1.    Ішкі академиялық ұтқырлық – Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында алмасып оқу.

  • Шығыс ішкі академиялық ұтқырлық – біздің студенттердің, магистранттардың қазақстандық ЖОО мен ғылыми орталықтарда білім беру бағдарламаларын игеруі.
  • Кіріс ішкі академиялық ұтқырлық – біздің университетке басқа қазақстандық ЖОО студенттері мен магистранттарының келуі.

2.    Сыртқы академиялық ұтқырлық – шет елдердің ЖОО арасында алмасып оқу.

Бағдарламаның мақсаты

  • Таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алу.
  • Білім беру сапасын арттыру арқылы ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу.
  • Студенттер, магистранттар және профессор-оқытушылар үшін алмасып оқытудың тиімді формасын қамтамасыз ету.

Байланыс мәліметтері

  • Координатор: Жайдаргул Саркулова Жанжигитовна
  • Телефон: 8-701-342-7816
  • Жұмыс телефоны: 56-36-49
  • E-mail: info@zhubanov.edu.kz
  • Орналасқан орны: Академиялық сапаны арттыру департаменті, 238 кабинет

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • GPA 2,33 төмен емес;
  • академиялық кезеңнің соңындағы академиялық көрсеткіштер;
  • академиялық қарыздың болмауы;
  • академиялық тәртіп пен этикалық нормаларды бұзудың болмауы;
  • университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;

Егер сізде жоғарыда аталған барлық критерийлер болса, онда сіз академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

а) кафедра үйлестірушісімен байланысу;
б) кафедра үйлестірушісі студент өтінішін факультеттің жауапты үйлестірушісіне тапсырады;
в) студенттер ұсынылған тізім ЖОО-ның жауапты үйлестірушісіне беріледі.

ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Ректордың атына өтініш;
  2. Кафедрадан ұсыныс хат;
  3. Транскрипт;
  4. Құжаттар көшірмесі: жеке куәлік;
  5. Медициналық анықтама;
  6. Фото 3*4-6 дана;
  7. Оқу орнынан анықтама;
  8. Ата-анасынан қолхат;

Факульттер бойынша жауапты координаторлар тізімі.

Білім алушылардың шығыс және кіріс ішкі академиялық ұтқырлығы әріптес ЖОО-мен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісімшарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы шеңберінде жүзеге асырылады 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ішкі академиялық ұтқырлық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру білім алушылар үшін білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған Қазақстандағы басқа жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасалды.

КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

  1. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
  2. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
  3. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті;
  4. М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
  5. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
  6. Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
  7. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  8. Казақ туризм және спорт академиясы;
  9. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
  10. Халықаралық білім беру корпарациясы;
  11. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  12. Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық  университеті;
  13. Қ.Сәтпаев Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  14. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
  15. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті;
  16. Инновациялық Еуразия университеті;
  17. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
  18. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  19. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
  20. К.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
  21. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
  22. Алматы технологиялық университеті;
  23. НАРХОЗ университеті;
  24. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi;
  25. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  26. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
  27. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты;
  28. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері      университеті;
  29. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті;
  30. Ы.Алтынсарин атындағы.Арқалық педагогикалық институты;
  31. М.Тынышпаев атындағы АLТ университеті;
  32. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;
  33. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы; 
  34. Қызылорда ашық есік университеті;
  35. Esil University; 
  36. Құлажанов атындағы Қазақ технология  және бизнес университеті;
  37. Шәкәрім университеті;
  38. Жангірхан атындағы Батыс Қазақстан агро техникалық университеті;
  39. Қонаев университеті:
  40. Каспии университеті.;
  41. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті.