«Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №4 бұйрығының талаптарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

Аталған бұйрыққа сәйкес оқытушылар әр 3 жыл сайын кемінде бір рет, оқытылатын пәндер бейініне сәйкес кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс.

Оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Пәндік курстар
  • Оқыту әдістемесі
  • Инклюзивті білім беру
  • Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар
  • Білім берудегі менеджмент
  • Ағылшын тілі

Сонымен қатар ПОҚ мен қызметкерлерге арналған Қысқы және Жазғы мектептер ұйымдастырылады. Бұл жобалар ғылыми және әдістемелік бағытта кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған.

Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын университеттің құрылымдық бөлімшесі ˗ Қосымша білім беру департаменті жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Мекен-жай: Ә. Молдағұлова даңғылы 34, Бас ғимарат, 1Б кабинет
Департамент маманы: Каленова Сандугаш Сагизбаевна
Телефон: 8 702 978 72 46

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892