«Күміс университет» - үшінші жастағы Университет - егде жастағы адамдардың қазіргі өмірге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге сәтті бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасайтын халықаралық қозғалыс.

Университеттің негізгі мақсаты - егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.