Тіркеу офисі университетте жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу процесін сапалы ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес факультеттер мен кафедралардың академиялық қызметін үйлестіретін академиядық қызмет департаментіне қарасты бөлiм болып табылады.

Қызметінің негізгі бағыттары:

Оқу процесін ұйымдастыру:

  1. Академиялық күнтізбені жасақтау
  2. Білім алушылардың оқу пәндеріне жазылу және қайта тіркелуін, оқу жоспарларын жасақтауды ұйымдастыруды үйлестіру.
  3. Автоматтандырылған жүйеде элективті пәндерге жазылу қорытындылары бойынша академиялық потоктар және/немесе топтарды құру.
  4. Ауысу немесе оқуға қайта қабылданған, академиялық демалыстан келген білім алушылардың пән айырмашылықтарын анықтау.
  5. Білім алушыларды курстан курсқа көшіру.

Білім алушылардың қозғалысын жүргізу:

  1. Білім алушылардың бұйрықтарын рәсімдеу.
  2. Білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы ай сайын мәлімет дайындау.
  3. Білім алушылар контингентінің 1-НК, 3-НК жылдық есептерін дайындау.

Білім алушыларға қызмет көрсету және құжаттандыру:

  1. Білім алушылардың жеке іс-құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Білім алушыларға кеңес беру қызметін көрсету және олардың сұранысы бойынша құжаттар беру жұмыстарын үйлестіру.
  3. Қаржы орталығына ай сайын мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушыларға стипендия төлеу үшін есеп жіберу.
  4. Уәкілетті органдар тарапынан берілетін және босаған гранттық орындарға білім алушылардың құжаттарын рәсімдеп тиісті органдарға ұсыну.

Тіркеу офисінің басшысы: Жусупова Гаухар Токмырзаевна

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, А.Молдагулова даңғылы, 34
Кабинет: 232, 235, 237, 239, СҚКО
E-mail: gzhussupova@znubanov.edu.kz