Диспетчерлік қызмет орталығы университетте жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу процесін сапалы ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес университет бойынша теориялық оқу сабақтарының, оқытушының жетекшілігімен өтетін білім алушылардың өзіндік жұмысының кестелерін, аралық, қорытынды бақылаулар кестелерін жасаумен айналысатын академиядық қызмет департаментіне қарасты құрылым болып табылады.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- Кафедралардың жылдық сағаттарын жасау және профессорлық-оқытушылық құрамның дербес жүктемелерінің тиісті талаптарға сай жоспарлануын тексеру және ағымдағы өзгерістерін қадағалау.
- Академиялық кезеңдер бойынша теориялық оқу сабақтарының, оқытушының жетекшілігімен өтетін білім алушылардың өзіндік жұмысының кестелерін және аралық, қорытынды бақылаулар кестелерін құру.
- Оқу процесіне тартылған жұмыс берушілер, практик-мамандар, аудиториялық қор туралы ақпарат дайындау.
- Университеттің стратегиялық жоспарында көрсетілген индикаторлар ішіндегі виртуалды зертханалар, көптілді білім беру және практик-мамандар туралы ақпарат дайындау.
- Жалпы білімдік пәндерден лектік академиялық топтар бойынша факультеттерге ортақ сабақ кестесін құру.
Диспетчерлік қызмет орталығының жетекшісі: Урдабаева Гульмира Жадгереевна
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, А.Молдагулова даңғылы, 34
Кабинет: 240
E-mail: g.urdabaeva@zhubanov.edu.kz