img

< 180

шетелдік студенттер

(2025 жылға)

< 100

халықаралық серіктестер

(2025 жылға)

3

тілдік курстар

(2025 жылға)

35

шетелдік ғалымдар

(2025 жылға)

Стратегиялык даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті университеттің стратегиялық жоспарлауын және халықаралық процестерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады.

Департаменттің басты миссиясы - университеттің халықаралық беделін нығайту, шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды дамыту, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне интеграциялану, сондай-ақ университеттің тұрақты даму стратегиясын іске асыру болып табылады.

Негізгі қызмет бағыттары

  • университеттің стратегиялық мақсаттарын жоспарлау, үйлестіру және олардың орындалу барысына мониторинг жүргізу;
  • халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық бағдарламаларды (халықаралық академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, Erasmus+ бағдарламасы, шетелдік ғалымдарды тарту) жүзеге асыру;
  • университеттің халықаралық рейтингтердегі (мысалы, QS Rankings және басқа да) позициясын нығайту;
  • халықаралық жобаларды, конференциялар мен ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру;
  • шетелдік серіктестермен, дипломатиялық өкілдіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара тиімді байланыс орнату.