Департаменттің қызметінің негізгі бағыттары:
- барлық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын үйлестіру арқылы берілген миссияға сәйкес стратегиялық мақсаттарды жоспарлау және іске асыру жүйесін қалыптастыру;
- университеттің стратегиялық даму бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және іске асыру, Стратегиялық жоспарлау процестерін ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
- университет қызметінің жаңа бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
- табысты білім беру және маркетингтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің басқару жүйесін үйлестіру, дамыту, тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жетілдіру, оның ішінде университеттің ұйымдық құрылымы мен мәдениетін жетілдіру және ұйымдастырушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- университеттің факультеттері мен басқа да құрылымдық бөлімшелеріне стратегияларды, стратегиялық жоспарларды, жол карталарын және басқа да стратегиялық құжаттарды әзірлеуге жәрдемдесу;
- біліктілікті жүйелі түрде арттыру, университет қызметін стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша семинарлар мен конференциялар жұмысына қатысу;
- университет қызметінің барлық салалары бойынша тенденцияларды, сондай-ақ стратегиялық мақсаттардан ауытқуларды уақтылы анықтау мақсатында университеттегі бизнес-процестердің сыртқы және ішкі факторлары мен жай-күйіне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу.
Негізгі құжаттар:
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2023-2027 жылдарға арналған Даму бағдарламасы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Тәуекелдер тіркелімі, Тәуекелдер картасы және Тәуекелдерге ден қою жөніндегі іс-шаралар жоспары (Тәуекелдер пайда болуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспар-есебі)
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Тәуекелдерді басқару саясаты
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті КеАҚ 2022 жылғы қызметі туралы жылдық есебі