Академиялық ұтқырлық — бұл студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өз еліндегі немесе шетелдегі өзге білім беру не ғылыми мекемеге оқу, оқыту немесе зерттеу мақсатында уақытша ауысуы. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады. Академиялық мобильділік түрлері Сыртқы академиялық ұтқырлық — студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың және оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде оқу бағдарламаларын меңгеруі мен іске асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу немесе қызметтік тапсырмаларды орындау мақсатында академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады. Ішкі академиялық ұтқырлық — студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың және оқытушылардың жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда оқу бағдарламаларын игеруі мен жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны–әріптеспен жасалған келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы аумағында академиялық ұтқырлық шеңберінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
<280
2020 ЖЫЛДАН БЕРІ СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЕТЕЛГЕ САПАР ШЕГІП ШЫҚТЫ.

Артықшылықтары

Шетелдік жоғары
оқу орнында
оқу мүмкіндігі
2009 жылдан бері 100-ден астам халықаралық келісім

Шетелде өмір сүру және мәдени тәжірибе жинақтау
500-ден астам студенттің табысты қатысуы

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен қарым-қатынас орнату
40 елдің серіктес жоғары оқу орындарымен байланыс
Университет есебінен қаржыландыру бойынша конкурсқа қатыса алатын үміткерлерге қойылатын талаптар:
- университетте грант есебінен білім алу
- конкурсқа қатысу кезінде 2-3 курс бакалавриат немесе магистратура 2-3 семестр студенті болу
- оқу үлгерімі GPA 3.00-ден төмен болмауы тиіс
- академиялық қарызының болмауы
- шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат (Ағылшын тілінен - IELTS 5.5 және одан жоғары, TOEFL 46 және одан жоғары; Duolingo 80 баллдан кем емес. Қытай тілінен - HSK 1, немесе Конфуций Институтының қытай тілі курсын аяқтағаны туралы сертификаты: 96 акад. сағат. Түрік тілінен - Tomer B2, Duolingo 80 баллдан кем емес) немесе алдыңғы оқу орнында (колледж немесе мектеп) осы шет тілінде оқуды растайтын диплом/транскрипт. Аталған құжаттар болмаған жағдайда, СХДД ұйымдастыруымын институционалды тестілеу өткізілетін болады. Тестілеуді өткен білім алушылар шет тілінен сұхбатқа шақырылады. Тестілеу күні факультет координаторына алдын ала хабарландырылады
- оқу тәртібін және этикалық нормаларды бұрын соңды бұзбауы
- басқа білім беру ортасында оқуға психологиялық дайындық
- университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысуы
Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен артықшылыққа ие болатындар:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (құжаттың көшірмесі)
- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (құжаттың көшірмесі)
Білім алушылардың жинайтын қажетті құжаттар тізімі:
- Резюме;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш;
- Ұсыныс хат (кафедра меңгерушісінің атынан);
- Оқу орнынан анықтама (СҚКО-дан /Темірқазықтан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
- Транскрипт (СҚКО-дан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
- Шет тілін меңгергені туралы халықаралық үлгідегі сертификат (IELTS 5.5 және одан жоғары, TOEFL 46 және одан жоғары; Duolingo 80 баллдан кем емес, қытай тілінен HSK 1 немесе Конфуций Институтының қытай тілі курсын аяқтағаны туралы сертификаты: кемінде 96 акад.сағат, түрік тілінен Tomer B2, Duolingo 80 баллдан кем емес бар болған жағдайда) немесе алдыңғы оқу орнында (колледж немесе мектеп) осы шет тілінде оқуды растайтын диплом/транскрипт (бар болған жағдайда);
- Халықаралық, Республикалық немесе таңдалған оқу бағыты бойынша шараларға қатысқаны туралы дипломдар, сертификаттар мен марапттардың көшірмелері (болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы азаматының анкетасы (шетелге оқуға шығу үшін). Анкета нысан бойынша толтырылады;
- Үміткер анкетада үш серіктес ЖОО-на дейін көрсетеді, сондай-ақ таңдаған шетелдік ЖОО-да оқу тілін көрсетеді.
- Фото – 3x4, 6 дана;
- Папка файлдармен – 1д;
- Студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің санаты үшін (бар болса);
Егер үміткер конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру кезінде 18 жасқа толмаған жағдайда (кәмелетке толмаған болып табылса), білім алушылардың ата-анасынан немесе қамқоршысынан шетелге оқуға шығуға нотариалды куәландырылған рұқсат (қолхат).
→
FAQ
Академиялық ұтқырлық — бұл білім алушылардың белгілі бір академиялық кезең ішінде (семестр немесе оқу жылы) өзге жоғары оқу орнында (ел ішінде немесе шетелде) оқу немесе зерттеу жүргізу мақсатында уақытша орын ауыстыруы.
Меңгерілген оқу бағдарламалары өз университетінде кредит түрінде қайта есептеледі.
- Шетелде оқу тәжірибесін алу;
- Бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
- Жаңа білім мен дағдыларды игеру;
- Көкжиегін кеңейту;
- Жаңа достар тауып, кәсіби байланыстар орнату;
- Жаңа мәдениет пен елмен танысу.
Бағдарламаға бакалавриаттың 2–3 курс студенттері және магистратураның 2–3 семестр білім алушылары қатыса алады.
Іріктеу үдерісі қажетті құжаттарды тапсыруды, конкурс пен сұхбат кезеңдерін қамтиды.
Арнайы комиссия студентті серіктес шетелдік жоғары оқу орнына жіберу туралы шешім қабылдайды.
Құжаттар факультет үйлестірушілеріне тапсырылады.
Академиялық ұтқырлыққа қатысты барлық сұрақтар бойынша студенттер Стратегиялық және халықаралық даму департаментіне жүгіне алады.
Егер үміткерде шет тілін білу сертификаты болмаса, Стратегиялық және халықаралық даму департаменті ұйымдастыратын институционалдық тест тапсырылады.
Академиялық ұтқырлық студенттерінің оқу шығындары республикалық бюджет, халықаралық гранттар немесе студенттердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Erasmus+ — Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік даярлау, жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бағдарламасы.
Бағдарламаның жоғары білім саласындағы негізгі бағыты — KA1: Learning/Credit Mobility of Individuals, яғни студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы.
Әрбір қатысушыға Еуропалық комиссия тарапынан грант бөлінеді.
Иә, халықаралық академиялық ұтқырлық бөлімі кредиттерді қайта есептеу процесін үйлестіреді. Ал нақты қайта есептеу факультеттер мен тиісті кафедралар тарапынан белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
