Жұбанов университетінде шетелдік мамандарды тарту бағдарламасына
қатысу мүмкіндіктері және талаптар:
+
Шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы
+
Докторанттарға арналған халықаралық ғылыми кеңесшілер
+
«Visiting Professors бағдарламасы»
+
Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін халықаралық мамандар
+
Қонақ лекциялар
Шетелдік мамандарға қойылатын негізгі талаптар
Педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін төмендегі талаптарға сәйкес келетін шетелдік мамандар тартылады.
1. Ғылыми дәреже
Белгіленген тәртіпте танылған ғылыми дәреженің болуы.
2. Ғылыми және кәсіби жетістіктер
Маман төменде көрсетілген критерийлердің кемінде алтауына сәйкес келуі тиіс:
халықаралық дерекқорларда (Web of Science, Scopus және т.б.) индекстелетін ғылыми журналдардағы жарияланымдардың болуы;
ғылыми қызмет бейініне сәйкес келетін Хирш индексі (h-index);
монографиялардың авторы немесе теңавторы болуы;
патенттердің, ноу-хаудың, авторлық куәліктердің болуы;
ғылым және білім саласындағы жетістіктері үшін берілген сыйлықтар, марапаттар және (немесе) құрметті атақтардың болуы;
магистранттарға жетекшілік ету, докторанттарға ғылыми кеңес беру, магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындау мен қорғауға қатысу тәжірибесі;
рецензияланатын ғылыми басылымдардың редакциялық алқалары мен консультативтік кеңестеріне мүшелік етуі (мүшелік мерзімдерін көрсете отырып);
халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралардың бағдарламалық және (немесе) ұйымдастыру комитеттеріне қатысуы;
халықаралық ғылыми және кәсіби қоғамдардың, қауымдастықтар мен бірлестіктердің басқарушы және консультативтік органдарына мүшелік етуі;
жетекші білім беру және ғылыми ұйымдардағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық мектептерге, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық ұжымдарға жетекшілік ету тәжірибесі;
жетекші университеттер мен ғылыми ұйымдарда шетелдік ғылыми құрылымдарға (зертханалар, орталықтар және т.б.) кемінде 3 жыл басшылық ету тәжірибесі;
халықаралық ғылыми қорларда, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволарда сарапшы ретінде жұмыс тәжірибесі;
ғылым және білім мәселелері жөніндегі халықаралық комиссиялар мен кеңестерге мүшелік етуі.
3. Педагогикалық және халықаралық құзыреттілік
Қосымша түрде ескеріледі:
бакалавриат, магистратура және (немесе) докторантура деңгейлерінде шетелдік білім беру ұйымдарында сабақ беру тәжірибесі;
заманауи білім беру және зерттеу әдістемелерін меңгеруі;
халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына қатысу тәжірибесі;
академиялық ұтқырлық, шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда жұмыс істеу немесе тағылымдамадан өту тәжірибесі;
педагогикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыруға жеткілікті деңгейде шетел тілін (ағылшын және (немесе) басқа) меңгеруі;
гранттық жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысу тәжірибесі.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін шақырылған шетелдік мамандар (профессорлар)