ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Жұбанов университетінде академиялық мобильдік пен дамуға кең мүмкіндіктер жасалған. Студенттер мен оқытушылар Bolashak, 500 ғалым және Erasmus+ сияқты бағдарламаларға қатыса алады, бұл халықаралық тәжірибе мен кәсіби өсудің жолын ашады.


ERASMUS+
Erasmus+ бағдарламасының мақсаты – қатысушы елдердегі білім беру жүйесін, кәсіби оқытуды, жастар саясатын және спортты жаңғырту мен дамыту, сондай-ақ қатысушы елдер мен серіктес елдер арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бағдарламаның негізгі міндеттері: білім сапасын арттыру, студенттер мен қызметкерлердің мобильдігін қолдау, оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім беру мен жастар саласында инклюзивтілік, шығармашылық пен инновацияны насихаттау.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты ресми сайттан қарауға болады:
https://erasmus-plus.ec.europa.eu/
BOLASHAK «500 ҒАЛЫМ»
Болашақ Халықаралық Бағдарламалар Орталығы
Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы іске қосылған жылдар ішінде 12 000-нан астам қазақстандық 35 елдегі 170 үздік университетте оқуға стипендия алған.
«Болашақ» стипендиясын жүзеге асыру механизмін жетілдіруге бағытталған мақсатты саясаттың нәтижесі ретінде, 2014 жылы Майамиде өткен VIII Going Global халықаралық конференциясында бұл стипендия 11 ұқсас бағдарламаның ішінен үздік деп танылды.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты ресми сайттан қарауға болады:
https://bolashak.gov.kz
ORHUN Алмасу Бағдарламасы
ORHUN академиялық алмасу бағдарламасы
Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Түркі университеттері одағы аясында Orhun академиялық алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның мақсаты – түркі тілдес елдердің жоғары білім жүйесін интеграциялау. Бағдарлама студенттер мен оқытушылардың Түркі университеттері одағына мүше оқу орындары арасында академиялық алмасуына мүмкіндік береді. Бағдарламаның координаторы – Манас
Қырғыз-Түрік университеті.
Оқу тілі: ағылшын және түрік тілдері
Студенттер үшін мобильдік кезең: әріптес университетте бір семестр
Оқытушылар үшін мобильдік кезең: оқу жылы ішінде ең аз дегенде екі апта, ең көп дегенде үш ай