БАСТЫ БЕТ > ЖЕТІСТІКТЕР > ЖЕТІСТІКТЕР

2022-2023 оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған XV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 6В01902-Арнайы педагогика ББ жүлделі 1 орынды иеленді. Ғылыми жетекші – магистр А.А.Утеуова.

2024-2025 оқу жылында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған XVII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 6В01902-Арнайы педагогика ББ жүлделі 2 орынды иеленді. Ғылыми жетекші - философия докторы (PhD) - М.Р.Балтымова

2025-2026 оқу жылында 6В03101-Психология ББ 4 курс студенті Дарынгер Ардақов «Лучшая научная работа» XXII халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсында «Личностная и социальная ответственность студентов» тақырыбындағы зерттеу жұмысы нәтижесінде 1 орын иегері болды. Ғылыми жетекшісі - философия докторы (PhD) – Қ.Т.Қуанжанова.

6В03101-Психология ББ 4 курс студенттері Болат Диана Талапқызы және Хайруллина Ажар Әлібекқызы Халықаралық ғылыми олимпиадада «Жас ғалым» номинациясының иегерлері атанды. Ғылыми мақаласының тақырыбы «Эффективность методов арт-терапии в снижении эмоционального напряжения студентов».

Ғылыми жетекшісі Туребаева Клара Жаманбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

6В03101-Психология ББ 4 курс студенті Кәдірова Айгерім Жеңісқызы Халықаралық олимпиадада «Үздік студент – 2025» атағының иегері болды. Ғылыми мақаласының тақырыбы: «Развитие эмоционального интеллекта через групповые тренинги у студентов вуза». 
Ғылыми жетекшісі Утеуова Алия Амангельдиевна – магистр, психология және арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы.

6В03101-Психология ББ 4 курс студенті Игизғали Сымбат Талғатқызы Халықаралық ғылыми олимпиадада «Жыл студенті – 2025» атағының иегері атанды. Ғылыми мақаласының тақырыбы «Взаимосвязь эмоционального интеллекта и критического мышления».

Ғылыми жетекшісі Куанжанова Кундыз Түгелбаевна – PhD, доцент.

6В03101-Психология ББ 4 курс студенті Балғабаев Бақдаулет Алмабекұлы 

Халықаралық ғылыми олимпиадада «Жыл студенті – 2025» атағының иегері атанды.

Ғылыми мақаласының тақырыбы «Фильмы в практике психолога: опыт применения кинотерапий». Ғылыми жетекшісі Куанжанова Кундыз Түгелбаевна – PhD, доцент.

Аталған жетістіктер студенттердің халықаралық деңгейдегі ғылыми белсенділігін, кәсіби даярлығын және ғылыми жетекшілердің нәтижелі еңбегін айқын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық аясында «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу», «Қызметкерлердің эмоционалдық күйлері және оларды түзету әдістері», «Қызметкерлердің кәсіби күйреуінің алдын алу» модульдер негізінде 72 сағат көлемінде дәріс сабақтары және тренингтер жүргізілді.

Курс барысында шекара қызметкерлері психологиялық әдістемелер және психологиялық ауытқушылықтар, суицидтік ойлар белгілері, психикалық күйзелістер мәселелері бағытында ақпараттарды меңгерді.

Өндірістік практика 

6В01902- Арнайы педагогика білім  бағдарламасының 4-курс, 3-курс (қысқартылған 3ж.) студенттері 2025 жылдың  02 қыркүйек пен 12 желтоқсан аралығында жоспарланған өндірістік (педагогикалық) практикадан өтті. Білім алушылардың өндірістік практика базаларынан өту барысы туралы мәселе кафедра отырысында  талқыланды.

15-желтоқсан күні өндірістік (педагогикалық) практиканың қорытынды конференциясы өткізіліп, портфолиолар жасақталды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жүйелі түрде оқыту процесін жетілдіру және оны жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылдың сәуір айында п.ғ.к., доцент Г.К.Кусаметова және педагогика ғылымдарының магистрі Ж.А. Төлебаева Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Психологиядағы коучинг» мамандығы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

Бағдарлама шеңберінде психологиялық коучингтің теориялық және практикалық негіздері, заманауи коучингтік модельдер мен техникалар, жеке тұлғаның мақсаттарымен, ресурстарымен және мотивациясымен жұмыс істеу әдістері зерделенді. Коучинг құралдарын психологиялық кеңес беруде, білім беру және кәсіби тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударылды.

2025 оқу жылының 10-22 қараша аралығында психология және арнайы педагогика кафедрасының оқытушылары магистр, аға оқытушы А.А.Утеуова және Ж.Н.Кереймаганбетова Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Психодиагностика және психологиялық кеңес берудегі арт-терапия» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім. Біліктілікті арттыру курсы күндізгі/қашықтан  форматта өткізілді. Бағдарламаның жалпы көлемі 72 сағатты құрады.

Аталған курс кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге, арт-терапиялық әдістерді меңгеруге және оларды психодиагностикалық әрі кеңес беру тәжірибесінде қолдануға бағытталды.

2025 жылғы 1–12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында өткен 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан кафедра оқытушылары PHD Қ.Т. Қуанжанова және педагогика ғылымдарының магистрі Д.М.Бекенова өтті. Курс “Білім беру саласында эмоционалдық интеллектті дамыту: теориядан тәжірибеге дейінгі жаңа әдістер”мәселелеріне арналды. Оқу барысында эмоцияларды тану мен реттеу, когнитивті қайта құрылымдау, мінез-құлықтық интервенциялар сияқты заманауи практикалық тәсілдер қарастырылды.

Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Особенности психоаналитической психотерапии в работе с зависимостями», «Методика ранней диагностики ADOS-2» (73 сағат), «Обучение прикладному анализу поведения АВА» (Алматы, 222 сағат), «Exploring best practices in inclusive higher education: University of Cambridge» (Англия, Кембридж, 72 сағат), «Инклюзивті білім беру моделі» (Ақтөбе) 72 сағат көлемінде білім жетілдіру курстарынан өтті.

Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен 6В01902-Арнайы педагогика білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген. (28.01.2022-27.01.2027., тіркеу номері АВ3829, берілген күні 28.01.2022 ж.)

6В03101-Психология білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге аккредиттелген (05.12.2021 – 04.12.2028., тіркеу № АВ 3826, берілген күні 28.01.2022 ж.).

6В03102-Клиникалық психология білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген (14.12.2022 – 13.12.2027., тіркеу № АВ 4606, берілген күні 14.12.2022 ж.).

7М01902-Арнайы педагогика білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген (17.06.2025 – 14.06.2030., тіркеу номері HE-SA № 00500, берілген күні 17.06.2025 ж.).

7М03101-Психология білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген (05.12.2021 – 04.12.2026., тіркеу № АВ 3827, берілген күні 28.01.2022 ж.).