Факультет берілген мамандықтар бойынша қызмет көрсетеді:
Бакалавриат
- 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
- 6В01102 – Психология және білім беру менеджменті
- 6В01902 – Арнайы педагогика
- 6В03101 – Психология
- 6В03102 – Клиникалық психология
Магистратура
- 7M01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- 7M01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
- 7M01902 – Арнайы педагогика
- 7M01101 – Педагогика және психология
- 7М01105 – Педагогикалық өлшемдер
- 7M01106 – Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP)
- 7M03101 – Психология
Докторантура
- 8D01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Педагогика факультеті 1984 жылы Математика, кейіннен Тарих факультетінің құрамында бастауыш кластарға арналған жоғары білімді мамандар даярлау мақсатында бөлім ретінде ашылып, 1990 жылы жеке Педагогика факультеті болып бөлініп шықты. Факультетті 1990-1992 ж.ж. п.ғ.к., доцент Ж.Т.Бүтіншинов, 1992-1995 ж.ж. ф.ғ.к., профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі О.Б.Баймағамбетов басқарды. Сол жылдары факультет кафедралары «Бастауышта оқытудың педагогикасы», «Бастауыш мектептегі тілдерді оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектептегі жаратылыстану математикалық пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы», «Мектепке дейінгі тәрбие» деп аталып, оларға С.Е.Қаңтарбай, А.К.Кенжеғұлова, Н.И. Кустова, О.А.Шункеева.
1995-2004 ж.ж. п.ғ.к., доцент, «Білім беру ісінің үздігі құрметті қызметкері» А.В.Усов. 2004-2006 ж.ж. п.ғ.к., профессор, КСРО және ҚР«Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері С.Е. Каңтарбай; 2006-2009 ж.ж. т.ғ.к., доцент, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» С.А.Ескалиев; 2009-2012 ж.ж. ф.ғ.к., доцент, “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері С.С.Мұхтаров; 2012 ж.ж. п.ғ.д., доцент, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері К.Ж.Туребаева; 2012 ж.ж. п.ғ.к., доцент А.К.Дүйсенбаев; 2012-2013 ж.ж. п.ғ.к., доцент Л.Б.Алекешова; 2013-2014 ж.ж. ф.ғ.к., доцент Н.М.Алдашев басқарды.
Факультетте төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярланды: «5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»; 5В010300 – «Педагогика және психология»; 5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»; 5В010500 – «Дефектология»; 5В050300 – «Психология»; магистр мамандар: 6М010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»; 6N010300 – «Педагогика және психология»; 6М050300 – «Психология» мамандықтары бойынша даярланады.
Бұл кезеңде факультет кафедралары «Бастауышта оқыту, мектепке дейінгі тәрбие және арнаулы білім», «Бастауышта тілдерді оқытудың теориясы мен технологиясы», «Жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен технологиясы» аталып, оларға төмендегі ғалымдар жетекшілік етті: А.К.Кенжеғұлова, К.Ж.Туребаева, А.А.Базаргалиева, К.И.Исламова, С.С.Сейтенова.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында ғылым докторлары, профессор, ғылым кандидаттары мен доценттер, «ССОР-сы орта және арнаулы орта білім беру үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының және «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері қызмет жасады. Профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық түрлі ғылыми-теориялық, практикалық конференциялар, семинар-практикумдарға белсене қатысты.
2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі № 348-Н бұйрығымен «Педагогика және психология» және «Кәсіби шығармашылық» факультетінің бірігуі негізінде Педагогика институты құрылды. 2014-2016 жж Педагогика институтын п.ғ.д., доцент К.Ж.Төребаева басқарды. 2016-2017 оқу жылының қыркүйек айынан мамыр айы аралығында Институт директоры п.ғ.к., доцент С.Е.Досжанова болды.