Шифр – мамандықтың атауы:
6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2025 жылдың мамыр айында «Акредиттеудің және рейтингтің Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандырылған акредиттеуден 7 жылға сәтті өтті.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ББ бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Жалпы білім беретін бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады (білім беру мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері).
Кәсіби қызметінің нысандары:
Жалпы білім беретін бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім бакалавры кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелерін қамтиды (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері).
Кәсіби қызметінің түрлері:
– диагностикалық- оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
– ұйымдастырушылық-технологиялық;
– педагогикалық басқару
– жобалау;
– ғылыми зерттеу.
Практика базалары:
- Әл-Фараби атындағы мамандандырылған № 21 гимназия
- «Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейі»
- Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта жалпы білім беру мектебі
- №39 орта мектебі
- М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі