Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға, сонымен қатар, ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады.
Факультет білім алушылары ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ алыс және жақын шетел университеттерінде білім алып, тәжірибе жинақтауда.
Ішкі академиялық ұтқырлық аясында факультет білім алушылары еліміздің бірқатар беделді жоғары оқу орындарында, атап айтқанда психология, арнайы педагогика, бастауыш оқыту, мектепке дейінгі білім беру және білім берудегі менеджмент бағыттары бойынша білімдерін тереңдетеді. Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындарынан білім алушылар факультетімізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып, тәжірибе алмасады. Бұл өзара ықпалдастық оқу үдерісінің сапасын арттыруға және білім алушылардың академиялық бейімделуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде факультет білім алушылары Польша, Түркия, Литва, Қытай, Қырғызстан секілді мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алып, халықаралық академиялық ортада тәжірибе жинақтауда. Аталған бағдарлама студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың шет тілдік, мәдениетаралық коммуникациялық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық нәтижесінде білім алушылар:
-
білім беру бағдарламаларының мазмұнын салыстыра отырып меңгереді;
-
кәсіби және академиялық дербестігін арттырады;
-
халықаралық және ұлттық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
2020-2021 оқу жылы
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» ББ-ның 3 курс студенті Муталиб Феруза Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, «Дефектология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Көшекен Ақниет мен Кабдрахимова Айымгүл С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде академиялық білімін жетілдірді.
Оқу жылының ІІ жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Төлеген Ақбота мен Утина Зауреш («Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 3 курс) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып келді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Польша Республикасының Быдгощ қаласындағы экономика университетінде бірқатар білім алушыларымыз халықаралық академиялық ортада білім алып, кәсіби тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, Тлегенова Айнагүл, Махатжанова Аида («Дефектология», 3 курс), Акбисенова Гүлсая, Аманғали Адина, Амангелді Индира, Арыстанбек Аружан («Психология», 3 курс), сондай-ақ Сарашова Камила, Надырова Зарина, Боқатова Гүлжанар, Курбангалиева Марина («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 2 курс).
2021-2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында Лавров Владимир («Психология», 4 курс) ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алды.
Оқу жылының ІІ жартыжылдығында Аманжол Г. және Анық Г. («Әлеуметтік педагогика және тьюторлық», 2 курс), Бердибаева Ж. («Психология және білім беру менеджменті», 2 курс) М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, ал Елеусізова Динара («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 2 курс) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алды. Сонымен қатар, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Наденова А. мен Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенті Аманова А. ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде біздің универсиетке келіп, академиялық білімін жетілдірді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Серікова Ділназ («Әлеуметтік педагогика және тьюторлық», 3 курс) және Алуадин Албина («Педагогика және психология», 3 курс) Түркия Республикасының Кастомону университетінде, ал Амангельдиева Асем («Психология және білім беру менеджменті», 2 курс) Польша Республикасының Слупск қаласындағы Помор академиясында білім алды.
2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында Көлбаева Гүлнұр, Айтпаева Құралай («Әлеуметтік педагогика және тьюторлық», 3 курс), Толеуова Құндызай мен Мұқатова Жұлдыз («Педагогика және психология», магистратура) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және Талғат Таһмина, Әжіғалиева Ақнұр («Арнайы педагогика», 2 курс) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.
Осы кезеңде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің білім алушылары Муратова Айзере, Матжанова Гүлбақыт және Жолдыбай Айнұр біздің оқу ордамызға келіп, ішкі академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе жиақтады.
Ал, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Сакенова Алемгүл («Психология», 2 курс) Түркия Республикасының Чанаккале Онсегіз Март университетінде білім алды.
ІІ жартыжылдықта Бекболатова Айдана («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 2 курс) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыды. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім алушылары Саухаева Алмагуль, Құлжанова Айнамкөз, Батырбай Жансая, Сабитова Назира, Ергалиева Альмира, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің білім алушылары Төлеген Гүлдария, Шандаев Тимурхан, Дүйсеналина Жансая, Худайбергенова Қамажай, Файзуллаева Айгерім және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің білім алушысы Тоғжанова Динара ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде біздің оқу орында білім алды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Таңатар Гауһар Памуккале университетінде (Түркия),Сейилханова Лаззат Чанаккале Онсегіз Март университетінде (Түркия), Кенжеғали Әсемгүл мен Мингисова Лаура Кастомону университетінде (Түркия), Калменова Кунжайна Эрзинджан университетінде (Түркия) және Есенбек Аделя Быдгощ қаласындағы экономика университетінде (Польша) оқып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтады.
2024-2025 оқу жылы
2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығында факультет білім алушылары ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелдік университеттерде білім алды.
Атап айтқанда, Король Татьяна («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті базасында оқыды. Жолдыбек Нұрай («Психология және білім беру менеджменті», 2 курс) А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық университетінде білім алды.
Сонымен қатар Оразалина Ақнұр, Жоламанова Нұралай, Әділова Диана, Булат Мөлдір және Әжіғалиева Ақнұр («Арнайы педагогика», 3 курс), сондай-ақ Ардақов Дарынгер мен Игизғали Сымбат («Психология», 3 курс) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.
Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Шамбулкереева Ботакөз («Арнайы педагогика», 3 курс) және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Қыдырсихова Аяулым («Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 3 курс), Латиева Ақтоты, Нұрболатова Айнұр («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 3 курс), Орынова Ақнұр, Амангельдина Қарақат («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 4 курс) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында білім алып, тәжірибе жинақтады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Исатаева Алтынай мен Асылбекова Балқия («Арнайы педагогика», 3 курс) Түркия елінің Памуккале университетінде оқып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтады.
2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығында Ерболқызы Айдана, Хайруллина Гүлсая және Сағынғалиева Әсемгүл («Психология», 3 курс) Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, Айсина Гүлдана («Арнайы педагогика», 3 курс) Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінде білім алды.
Сонымен бірге бірқатар білім алушылар, Сеитжаппарова Азия, Жоламанова Нұралай, Булатова Малика, Оралбаева Дильназ, Ақмади Нағыия, Қарағұл Ақниет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, ал Насырова Қымбат, Сансызбаева Жаңылсын және Сайтали Айсу («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде оқыды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Жаканова Дания («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) Быдгощ қаласындағы эккономика университетінде (Польша), Ардақов Дарынгер («Психология», 3 курс) Витаутас Магнус университетінде (Литва), ал Бектур Анель («Психология», 3 курс) Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде (Қытай) білім алды.
2025-2026 оқу жылы
2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абдықаппарова Айгүл, Болатова Альбина, Ринатқызы Венера және Талғатқызы Перизат («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, ал Жоламан Аян («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім алды.
Сондай-ақ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен Амангельдиева Алина, Тілекқайырқызы Динара («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 3 курс) және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен Аманова Құралай («Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс) ішкі академиялық ұтқырлық аясында білім алды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Жолдыбек Нұрай («Психология және білім беру менеджменті», 3 курс) Түркия елінің Памуккале университетінде білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтады.


