Шифр – мамандықтың атауы:
7М01103 – Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық IP
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01103 – «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP)» білім бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
7М01103 – «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP)» білім беру бағдарламасының түлектері келесі салаларда кәсіби қызметті жүзеге асырады:
- білім беру ұйымдарында басқару және көшбасшылық қызмет;
- ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі;
- оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық қызмет;
- білім беру сапасын бағалау және дамыту;
- білім беру ұйымдарының стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу және іске асыру.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Бағдарлама түлектері келесі лауазымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқылы:
- білім беру ұйымдарында әкімшілік-басқару қызметі (директор, орынбасар, бөлім басшысы);
- жоғары және орта білім беру ұйымдарында оқытушылық қызмет;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында ғылыми қызметкер;
- білім сапасын қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі маман;
- жобалау, ұйымдастыру және кеңес беру құрылымдарында сарапшы.
Түлектерге біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман мәртебесі беріледі және еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Кәсіби қызметінің пәні:
- білім беру ұйымдарында басқару құрылымдарын модельдеу және дамыту;
- педагогикалық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және талдау;
- көшбасшылық модельдерін ендіру және тиімді басқару стратегияларын әзірлеу;
- білім беру саласындағы инновациялық жобаларды іске асыру;
- білім беру сапасын арттыруға бағытталған мониторинг пен бағалау жұмыстарын жүргізу;
- білім беру ұйымдарының дамуында стратегиялық әріптестікті ұйымдастыру және қолдау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М01103 – «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP)» білім беру бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқарады:
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- сараптамалық-талдамалық қызмет;
- ұйымдастырушылық-басқару қызметі;
- педагогикалық және кеңес беру қызметі;
- білім беру сапасын бақылау және бағалау қызметі.
Білім беру қызметінің түрлері:
Түлектер мынадай білім беру қызметін жүзеге асырады:
- оқу және оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру және жетілдіру;
- білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесін дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- білім беру сапасын қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеу;
- білім беру ұйымдарының стратегиялық басқару жүйесін енгізу;
- отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде білім беру менеджменті және көшбасшылық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ғылыми-зерттеу жобаларын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін практикаға енгізу;
- инновациялық білім беру технологияларын басқару жүйесіне ендіру және қолдану.