Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студенттерге ыңғайлы және жайлы болуы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған төрт студенттік үй бар.

№1 Студенттер үйі ағайынды Жұбановтар көшесі 280 мекенжайында орналасқан. Бес қабатты ғимарат 1979 жылы 5,516 шаршы метр алаңда салынған. Бұл жақта оқу залы, студенттер кабинеті, акт залы, электр плиталары мен тоңазытқыштары бар тұрмыстық техникалық бөлме, сондай-ақ санитарлық мақсаттағы бөлмелер (жуу, кептіру және үтіктеу), екі жуынатын бөлме (ерлер мен әйелдер үшін бөлек) бар. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін ең жаңа технологиялар қолданылады: бейнебақылау камерасы және турникет.

Студенттер үйі WI-FI желісімен қамтамасыз етілген, ситуациялық орталықтың көмегімен бейнекамералар тікелей байланыста жүзеге асырылады. Студенттер үйі 520 адамға арналған.

№2 Студенттер үйі Маресьева 78 мекенжайында орналасқан. 1968 жылы салынған. 5 қабатты ғимараттың ауданы 7,889,7 ш.м. Мұнда оқу залы, студенттер кабинеті, акт залы, сонымен қатар санитарлық қажеттіліктерге арналған бөлмелер (үтіктеу және кептіру бөлмелері), қажетті жабдықтар электр плитасы, тоңазытқыш, кір жуғыш машина бар, душ және жуынатын бөлме бар. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары мен турникеттермен жабдықталған.

№3 Студенттер үйі Гришин 7А мекенжайында орналасқан. Бес қабатты ғимарат 2018 жылы пайдалануға берілді, жалпы ауданы 5.300 ш.м. Студенттер үйі 270 орынға есептелген, оның 45 бөлмесі екі адамдық, ал 45 бөлмесі төрт адамдық орынға есептелген. Әр қабат ас үймен, жуынатын бөлмесімен жабдықталған. Сонымен қатар кір жуатын бөлме, оқу залы, кинотеатр, компьютер бөлмесі, студенттер кеңесі және медициналық оқшаулау бөлмесі бар. Спорт алаңы жаттығу құралдарымен жабдықталған. Мұнда студенттердің қауіпсіздігі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бейнекамера және турникет сынды ең жаңа технологиялар қолданылады. Студенттер үйі WI-FI желісімен қамтамасыз етілген, «Ахуалдық орталық» бейнекамералары көмегімен тікелей байланыста басқару жүзеге асырылады.

Жастар үйі (Дом Молодежи) жақында, 2017 жылы салынды. Бұл 9 қабатты ғимарат, ол 500-ге жуық студенттерді қабылдауға дайын. Жастар үйі қазіргі заманғы Smart Home технологияларымен жабдықталған, сонымен қатар кітапхана, оқу залы, студенттік кабинет, медициналық пункт, акт залы, санитарлық мақсаттар үшін (кептіру, үтіктеу, кір жуғыш машиналар, душ бөлмелері ), тұрғылықты бөлмелер (электр плиталары, тоңазытқыш) бар және дамыту орталығы (баскетбол, волейбол, теннис үстелі). Әр секторда 2 бөлме (2-3 орындық) және жеке гигиена бөлмелері (ванна, дәретхана) бар.

Жастар үйі жаңа технологиялармен (WI-FI желісі, бейнебақылау камералары, электронды кілттер, турникеттер) пайдалана отырып студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау қызметімен жабдықталған. Олардың көмегімен байқаудың «Ахуалдық орталықпен» тікелей байланысы жүзеге асырылады.

Студенттер үйіне орналасу өтініші (видео нұсқаулық)

Құрметті талапкер!📍

🏩Жатақханаға орналасу үшін алдымен, университетімізге келіп құжат тапсырасыз, құжат тапсыру кезінде жатақхана қажет екендігін және әлеуметтік жағдайыңызды міндетті түрде тіркеңіз. Құжатты тапсырып болған соң:

1️⃣ Smart Arsu қосымшасын жүктейсіз, жүктегеннен кейін өзіңіздің ЖСН мен ұялы телефон номеріңізді жазасыз, құпия сөзгеде ЖСН енгізесіз. Жүйеге кірген соң өзіңізге ыңғайлы құпия сөзге ауыстырып аласыз.

2️⃣ Қосымшаға тіркелген соң Жатақхана бөлімін таңдайсыз, жатақханаға өтініш беру батырмасын басқанда білім беру бағдарламаңызға сәйкес жатақхана мен ондағы бір жылдық тұру құны көрсетіледі. қабат пен бөлмені таңдап, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын деректерді файл түрінде жүктейсіз.

⁠3️⃣ Алдымен әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті өтінішті мақұлдаған соң 72 сағат ішінде төлем чегін саласыз есепші мен проректор растап болғаннан кейін сіздің өтінішіңіздің мәртебесі аяқталады соңында файлды жүктеу батырмасын басу арқылы анықтамаңызды ала аласыз осымен сіз жатақханаға сәтті тіркелдіңіз!✅