Жұбанов университетіндегі студенттік өмір – әрбір білім алушы үшін жайлы, қауіпсіз, жеке дамуға жол ашатын әрі адал ортада қалыптасуға мүмкіндік беретін тұтас экожүйе. Мұнда кәсіби біліммен қатар XXI ғасырда аса қажет soft skills дағдылары қалыптасады. Университет – идеялар туындайтын, армандар қолдау табатын, тұлға ретінде өсуге серпін беретін кеңістік.

Университет қабырғасында Студенттік үкімет білім алушылардың қызығушылығына сай пікірлес жандарды ортақ мақсатқа біріктіріп, дебат және ғылыми үйірмелердің, шығармашылық бірлестіктердің, спорт лигаларының (футзал, волейбол, баскетбол, теннис, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және т.б.), IT қауымдастығы мен еріктілер қозғалысының жұмысын үйлестіреді. Өзін-өзі басқару жүйесі білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың бастамашылдығы мен азаматтық жауапкершілігін нығайтады.
Студенттерге арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ «Денсаулық және салауаттылық» орталығының қызметі білім алушылардың университет кеңістігінде өзін сенімді сезінуіне, психологиялық тұрғыда орнықты болуына және жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Университет үшін әрбір студент – басты құндылық.