Басты бет > Хабарландыру > «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ қызметкерлері мен студенттері үшін тамақтану пункттерін ұйымдастыру» бойы
4
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ қызметкерлері мен студенттері үшін тамақтану пункттерін ұйымдастыру» бойы

Конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері: «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы, 34.

1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және жобаларды таныстыру орны мен мерзімі

Әлеуетті жалға алушылар немесе конкурсқа қатысуға өтінім беру бойынша олардың мүдделерін білдіретін уәкілетті тұлғалары сенімхат негізінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді мөрленген конвертте жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы «25» шілде «18» сағат «00» минутқа дейін мынадай мекенжай бойынша ұсынады: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар 263, университеттің әкімшілік ғимараты, 2 кабинет.

2. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу және әлеуетті жалға алушылардың жобаларын қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысы 2025 жылғы «28» шілдеде жергілікті уақыт бойынша «11» сағат «00» минутта мына мекенжайда өтеді: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар 263, университеттің әкімшілік ғимараты.

3. Орналасқан жері мен ауданын қоса алғанда, жалдау объектісінің қысқаша сипаттамасы 

Асханалар, буфет және кофеханалар үшін тұрғын емес үй-жайлар:

  1. № 1 оқу корпусы (№ 1 кофехана), ауданы 40,9 ш.м., мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, 1 қабат;
  2. № 1 оқу корпусы (№ 2 кофехана), ауданы 65,9 ш.м., мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, 3 қабат; 
  3. № 2 оқу корпусы (№ 5 буфет), ауданы 54 ш.м, мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 100 А;
  4. № 4 оқу корпусы (№ 4 Асхана), ауданы 44,8 ш.м, мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі, 15 А;
  5. № 5 оқу корпусы (№ 2 асхана), ауданы 55 ш.м, мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 4;
  6. № 6 оқу корпусы (№ 3 асхана), ауданы 49 ш.м., мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі, 7 А.

4. Мүлікті жалдау мерзімі және жалдау ақысының мөлшері

Мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімі: шарт мерзімдерін ұзарту құқығын қоса алғанда, 1 жылдан аспайды.

Жалдау ақысының құны «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ ақылы қызметтер бағасының тізбесіне» сәйкес белгіленген. Коммуналдық шығыстар бойынша қосымша қызметтерді (электр энергиясы, ыстық/суық су) жалға алушы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша төлейді және жалдау ақысының сомасына кірмейді. 

5. Мүліктік жалдауға берілетін объектіге конкурс өткізу шарттары және іріктеу критерийлері

Комиссия әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері бар конверттерді ашуды жүргізеді және белгіленген мерзімде берілген және әлеуетті жалға алушылардың тиісті журналда тіркелген өтінімдерін салыстырады.

Хабарландыруда белгіленген мерзімде объектінің әлеуетті жалға алушылары өз жобаларын объектінің техникалық сипаттамасына, ерекшелігіне сәйкес таныстырады. Осыдан кейін комиссия жеңімпазды немесе келесі іріктеу критерийлері бойынша ең жақсы жобасы бар бірнеше үміткерді анықтайды:

1) Жалға алынатын объектіні жақсарту үшін бір жылға дейінгі және одан кейінгі жыл мерзімін көрсете отырып, салымдардың болжамды сомасын көрсету (ағымдағы жөндеуді жүргізу, жабдықпен және жиһазбен жарақтандыру);
2) Ақтөбе қаласында қоғамдық тамақтану саласында жалға алушының меншігінде қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, асханалар) болуы;
3) Тағамның калькуляциясы мен бағасы көрсетілген мәзір;
4) Тағамдардың ассортименті;
5) Ыдыс-аяқтың болуы:
а) тәрелкелер - фарфор және/немесе керамика;
б) бокалдар мен шыныаяқтар - фарфор және/немесе керамика; 
в) ас ішуге арналған құралдар - тот баспайтын болат; 
г) стақандар - шыны;
6) Залға қызмет көрсету (қағаз майлықтардың, дәмдеуіштерге арналған жинақтың (қара бұрыш, қызыл бұрыш, тұз) болуы;
7) Әлеуметтік блок.    (қайырымдылық, жалға берушімен келісім бойынша Университет студенттерін толық емес жұмыспен қамту).

Осы тармақтың 1,2,3,4,5 тармақшаларында көзделген іріктеу критерийлері 5 (бес) балдық баға бойынша бағаланады. Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көзделген іріктеу критерийлері 3 (үш) балдық баға бойынша бағаланады.

Жеңімпаз болып ең көп ұпай жинаған әлеуетті жалға алушы саналады. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ жалдау шарттарымен келіскен әлеуетті жалға алушының өтінімі техникалық ерекшелікке және конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген іріктеу критерийіне сәйкес немесе одан жоғары талаптар болуы комиссия шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.

Егер комиссия ұпай саны тең әлеуетті жалға алушылар арасында бірнеше жеңімпазды анықтаған жағдайда, конкурс жеңімпазын комиссия жасырын дауыс беру арқылы айқындайды.

Конкурс қорытындысы конкурстық комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Шартқа конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жалға беруші мен жалға алушы қол қояды.

Шартқа қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде объектіні жалға беруші жалға алушыға қабылдау-беру актісі бойынша береді, оған жалға беруші мен жалға алушы қол қояды, содан кейін жалға алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмысқа кіріседі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру кезінде жалға алушы ұсынған қосымша, сондай-ақ басқа да шарттар одан әрі орындау үшін міндетті болып табылады және шарт талаптарына кіреді.

Жалға алушыға қойылатын талаптар, техникалық ерекшелік одан әрі орындау үшін міндетті болып табылады.

6.Техникалық ерекшелік және жалға берудің өзге де шарттары, объектінің мақсатына байланысты болжамды салымдарды, объектіні жақсарту жөніндегі жұмыстарды және т.б. (мысалы: жұмыс кестесі, өнімнің ең аз ассортименті және т. б.) қамтитын жоба (қажет болған жағдайда)

Техникалық ерекшелікте көрсетілген (хабарландыруға 1, 2-қосымша) және одан әрі орындау үшін міндетті болып табылады.

7.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің алдыңғы жағында әлеуетті жалға алушы көрсетуі тиіс:

  1. әлеуетті жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. осы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс конкурсты ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  3. конкурстың толық атауы, оған қатысу үшін әлеуетті жалға алушының өтінімі ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім хабарландыруда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ ғимараттарында асханаға, буфетке және кофеханаға арналған үй-жайларды жалға алу конкурсына әлеуетті жалға алушының қатысуына келісім білдіру нысаны болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілуі тиіс:

  1. әлеуетті жалға алушының атауы, заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
  2. жалға алынатын объектінің атауы, орналасқан жері, алаңы;
  3. жалдау мақсаты;
  4. тұрғын емес үй-жайды жалға берудің бекітілген құнынан және объектіні пайдаланғаны үшін төлемақыдан төмен болмайтын ұсынылатын жалдау ақысы;
  5. техникалық ерекшелік, ингредиенттерді ескере отырып, тағамдардың калькуляциясы және болжамды инвестицияларды, жобаны (презентацияны), объектіні жақсарту жөніндегі жұмыстарды және т. б. қамтитын басқа да ұсыныстар.

Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жалға алушы жазбаша түрде береді, оған бірінші басшы не уәкілетті тұлға қол қояды және хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген конвертте мөрмен бекітіледі.

8. Жалға берушінің жауапты тұлғасының байланыс деректері

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына мекенжай бойынша алуға болады: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы, 34, Заң департаменті, Турбаева А.Ж., байланыс телефоны: + 771 596 86 32.  

9. Қосымша ақпарат

Комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс өткізу қорытындылары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады: zhubanov.edu.kz

Конкурстық құжаттамаға қосымшалар:

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыру;
  2. Жалдау шартының жобасы.
  3. Конкурсқа қатысуға өтінім.