07/04/2026
Жұбанов құрамасы – студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық жеңімпазы

ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы спорт лигасының Батыс аймақтық кезеңінде футзалдан университет құрамасы чемпион атанды.  4-5 сәуір күндері өткен жарыстың топтық кезеңінде студенттеріміз Орал, Атырау қалаларының командаларымен кездесті.  Жартылай финалда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командасын 5:1 есебімен жеңсе, финалда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы нәтижесінде жеңімпаз атанды.  Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
07/04/2026
Университет студенті Әлем чемпионы атанды

Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден өткен әлем чемпионатында университет білім алушысы Ерасыл Базарбай үздік өнер көрсетіп, Әлем чемпионы атанды.  Ол – “Дене шынықтыру және спорт” білім бағдарламасының 1-курс студенті.  Тартысты додада әлемнің төрт бұрышынан жиналған спортшылармен сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген Ерасыл Базарбайға ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.  Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
07/04/2026
Босаған білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Босаған білім беру гранттарына білім алушылар арасынан уәкілетті органға үміткерлерді ұсыну университетте екі мәрте жүргізілді: 1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім беру гранты негізінде оқып, түрлі себептермен оқудан шыққандар есебінен босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну. 2. Қазақстан Республикасы бойынша жоғары оқу орындарында босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну. Барлық үміткерлердің құжаттары Академиялық қызмет департаментінде тексеріліп, білім беру бағдарламалары тобы бойынша орындар санына сәйкес ҰБТ мен КТ сертификаттары бар, оқу жетістіктерінің …

Ары қарай оқу
07/04/2026
Әділ Ақтілеу – Ашихара каратэден әлем чемпионы

1–5 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар бақ сынаған додада университет білім алушысы Әділ Ақтілеу топ жарып, Әлем чемпионы атанды. Көпжылдық еңбегі мен табанды дайындығының нәтижесінде тартысты сында жеңіске жеткен Әділ Ақтілеуге Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
19/03/2026
«Құрмет» ордені табысталды

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтаров Сабыржан Сағидоллаұлы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік марапат еліміздің идеологиялық және қоғамдық қызметіне қосқан үлесі үшін берілді. Марапатты Ақтөбе облысының әкімі салтанатты жағдайда табыстады. Университет ұжымы Сабыржан Сағидоллаұлын жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтай отырып, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметіне табыс тілейді.

Ары қарай оқу
31/12/2025
Университетіміздің оқытушылары – елдің үздіктері қатарында

«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы бойынша еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Байқауға Қазақстанның 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысқан. Жеңімпаздар қатарында университетіміздің профессор-оқытушылар құрамынан 6 оқытушы бар. Атап айтқанда: Адманова Гүлнұр Болатовна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бекбауова Алтыншаш Упуовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Жұмағалиев Ерлан Ұланович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры; Мынбаева …

Ары қарай оқу