Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден өткен әлем чемпионатында университет білім алушысы Ерасыл Базарбай үздік өнер көрсетіп, Әлем чемпионы атанды. Ол – “Дене шынықтыру және спорт” білім бағдарламасының 1-курс студенті. Тартысты додада әлемнің төрт бұрышынан жиналған спортшылармен сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген Ерасыл Базарбайға ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!