18/10/2024
«Zhubanov Team» футбол командасы чемпион атанды

2024 жылдың 15-17 қазан аралығында Батыс Қазақстан жоғары оқу орындары арасында Ұлттық студенттер лигасына іріктеу өтті. Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларындағы жоғары оқу орындары командалары арасында Жұбанов университетінің «Zhubanov Team» футбол командасы чемпион атанып, бірінші орын иеленді. Сондай-ақ Астана қаласында өтетін Ұлттық студенттер лигасына жолдама алды. Спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

Ары қарай оқу
17/10/2024
Zhubanov university командасы Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленді

2024 жылдың 16-17 қазан аралығында Өскемен қаласында өткен «Болашақ табысты ұстаз – ұлт кепілі» атты «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиадасында Жұбанов университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім бағдарламасының студенттерінен құралған команда жүлделі екінші орынды иеленді. Олимпиада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында өтті. Команда жетекшісі: Әлия Сугуралиева, аға оқытушы Команда құрамы: Әділет Нағашыбаев, Рифат Әбдібаев, Дилназ Сеитмагулова, Келбет Қожахмет. Дарынды студенттерді жетістігімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу