16/04/2026
Зияткер жастар үздіктер қатарында

11–12 сәуір күндері Алматы қаласында өткен TEO CUP XV республикалық турнирінде “Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының пікірсайысшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам қатысушы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікірсайыс алаңында өзара бақ сынасты. Тартысты сайыс нәтижесінде Асхат Есенов альфа лигада II орынды иеленсе, Батыржан Сапарғали бетта лигада I орынға ие болды. Пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
09/04/2026
Болашақ педагогтар жеңіс тұғырынан көрінді

ҚР жоғары оқу орындары білім алушылары арасында «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша Өскемен қаласында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадада университетіміздің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері жүлделі ІІІ орынды иеленді. Білім алушыларымыз еліміздің әр өңірінен келген қатысушылармен өзара сынға түсіп, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын, шығармашылық қабілеттері мен цифрлық сауаттылықтарын көрсете білді. Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен сапалы білімнің, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі. …

Ары қарай оқу
07/04/2026
Жұбанов құрамасы – студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық жеңімпазы

ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы спорт лигасының Батыс аймақтық кезеңінде футзалдан университет құрамасы чемпион атанды.  4-5 сәуір күндері өткен жарыстың топтық кезеңінде студенттеріміз Орал, Атырау қалаларының командаларымен кездесті.  Жартылай финалда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командасын 5:1 есебімен жеңсе, финалда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы нәтижесінде жеңімпаз атанды.  Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
07/04/2026
Университет студенті Әлем чемпионы атанды

Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден өткен әлем чемпионатында университет білім алушысы Ерасыл Базарбай үздік өнер көрсетіп, Әлем чемпионы атанды.  Ол – “Дене шынықтыру және спорт” білім бағдарламасының 1-курс студенті.  Тартысты додада әлемнің төрт бұрышынан жиналған спортшылармен сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген Ерасыл Базарбайға ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.  Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
07/04/2026
Босаған білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Босаған білім беру гранттарына білім алушылар арасынан уәкілетті органға үміткерлерді ұсыну университетте екі мәрте жүргізілді: 1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім беру гранты негізінде оқып, түрлі себептермен оқудан шыққандар есебінен босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну. 2. Қазақстан Республикасы бойынша жоғары оқу орындарында босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну. Барлық үміткерлердің құжаттары Академиялық қызмет департаментінде тексеріліп, білім беру бағдарламалары тобы бойынша орындар санына сәйкес ҰБТ мен КТ сертификаттары бар, оқу жетістіктерінің …

Ары қарай оқу
07/04/2026
Әділ Ақтілеу – Ашихара каратэден әлем чемпионы

1–5 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар бақ сынаған додада университет білім алушысы Әділ Ақтілеу топ жарып, Әлем чемпионы атанды. Көпжылдық еңбегі мен табанды дайындығының нәтижесінде тартысты сында жеңіске жеткен Әділ Ақтілеуге Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу