30/09/2025
Университет оқытушысы Ұлыбританияда білім саласындағы зерттеулер бойынша тәжірибе жинақтады

Экономика және құқық факультетінің Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Жалтырбаева Рауан Серікбайқызы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының «500 ғалым» жобасы аясында «Білім саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша 10 айлық халықаралық тағылымдаманы сәтті аяқтады. Тағылымдама Ұлыбританияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Сассекс университетінде (University of Sussex) өтті. Оқытушымыз әлемнің үздік профессорларынан дәріс тыңдап, халықаралық тәжірибе жинақтап қайтты. Алған білім мен тәжірибені университетімізде қолдану – негізгі мақсат. Бұл профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыруға ықпал етеді. …

Ары қарай оқу
30/09/2025
Ректор Конфуций институтының директорын қабылдады

Жұбанов университетінің ректоры Қытай Халық Республикасы Конфуций институтының директоры Ху Гуолянмен кездесті. Кездесу барысында білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Әсіресе студент және оқытушылар алмасу бағдарламалары, бірлескен ғылыми жобалар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыру бағыттарына назар аударылды. Сонымен қатар студенттердің Қытай жоғары оқу орындарында білім алуына, ал қытайлық магистранттардың Жұбанов университетінде оқуына мүмкіндік жасалатыны айтылды. Университет түлектерінің қытайлық компанияларда тәжірибеден өтуі мен жұмысқа орналасуына …

Ары қарай оқу
26/09/2025
Жұбанов университетінде шетелдік ғалымның қонақ дәрісі өтті

2025 жылғы 22–26 қыркүйек аралығында Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің студенттері мен жас зерттеушілері шетелдік ғалым, профессор Юрий Зоренконың «Конденсацияланған күй физикасы» тақырыбындағы дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Дәріс барысында профессор конденсацияланған күй физикасының іргелі теориялық негіздері мен заманауи практикалық қолданбаларына тоқталып, тыңдаушылармен мазмұнды ғылыми талқылаулар жүргізді. Юрий Владимирович Зоренко Польшадағы Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир университетінің Оптоэлектрондық материалдар кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы. Ғалым 300-ден астам ғылыми мақаланың авторы және 60-тан …

Ары қарай оқу
26/09/2025
Жұбанов университетінде Нидерланды Корольдігімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Жұбанов университетінде Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігінің халық дипломатиясы және коммуникация қызметкері Дарын Аманжанмен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өз қызметтері туралы ақпаратпен алмасты. Сонымен қатар іссапар барысында қонақ тарих факультетінің студенттерімен кездесті. Сұхбат барысында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық қатынастар, экономикалық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды. Дарын Аманжанның Нидерландыда шетелдік студенттерге арналған оқыту бағдарламасы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндамасы студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. …

Ары қарай оқу
12/09/2025
Қытайлық ғалымдар қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде Қытай Ғылым және технология университетінің (University of Science and Technology of China – USTC) халықаралық деңгейде танылған зерттеушілері — PhD, доцент Xin Wang (h-index 68) және PhD, профессор Yanbei Hou (h-index 34) қонақ дәріс өткізді. Қытайлық ғалымдар витримерлік эпоксидті материалдар саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Бұл материалдар отқа төзімділік, қайта өңделу мүмкіндігі және өздігінен қалпына келу қасиеттерімен ерекшеленеді. Аталған зерттеулер тұрақты полимерлік жүйелерді дамытуда маңызды қадам …

Ары қарай оқу
26/08/2025
Қытай ғалымдарымен бірлескен ғылыми жоба жүзеге асырылуда

Қ. Жұбанов атындағы университеті Қытайдың Ғылым және технология университетінің (USTC) ғалымдарымен бірге жаңа ғылыми жобаны іске қосты. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қолдауымен жүзеге асырылып, отқа төзімді әрі берік жаңа пластик материалдарын жасауға бағытталған. Бұл материалдар жел энергетикасында, кеме жасауда, құрылыс пен көлікте қолданылатын болады. Жобада Ақтөбеге арнайы келген халықаралық деңгейде танымал зерттеушілер — Xin Wang, PhD (Associate Professor, h-index: 68) және Yanbei Hou, PhD (Professor, h-index: …

Ары қарай оқу