Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңым – айбыным» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Алғашқы сөзді Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Тимур Үбішев алып, Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы тарихи рөліне тоқталды. Одан кейін Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Сәкен Бертлеуов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: 30 жылдық жол – Конституция және …