12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай, соңғы 5 жылда (2020–2024 жж.) Web of Science деректер базасында ең көп дәйексөз келтірілген 150 қазақстандық автордың тізімі жарияланды. Университетіміздің ректоры, білім беру бойынша философия докторы (Ph.D.) Қарабасова Лаура Чапайқызы да осы тізімде орын алып, еліміздің жетекші ғалымдары қатарынан табылды. Ғалымның еңбектері әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, оның зерттеулерінің өзектілігі мен қоғам үшін маңыздылығы айқындалды. Бұл жетістік университетіміздің ғылым мен білім саласындағы жоғары …