Бүгін Жұбанов университетінде ZHUBANOV дебат лигасының ашылуы өтті. Лигаға 6 клубтан 22 команда қатысуда. Бұл шара университет студенттерінің интеллектуалдық деңгейін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Лига 3 ойын күнінен тұрады, ал әр ойын күні 3 турдан ұйымдастырылған. Әр турдың тақырыптары студенттерді терең ойлауға және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізе білуге үйретуге бағытталған. Лиганың басты мақсаты — университет студенттерінің сыни ойлау дағдыларын жетілдіру және оларды болашақ көшбасшылар ретінде тәрбиелеу. Сонымен қатар, …