Көпшілік көрерменге театрдағы рөлдерінен бөлек, «Алдар көсе», «Ауыл сақшысы», «Қара шаңырақ», «Жас ұлан», «Жау жүрек мың бала», «Брат или брак» тағы да басқа кинофильмдеріндегі образдарымен танылған актер, режиссер, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин Ақтөбеге іс-сапары аясында Жұбанов университетіне келіп, студенттерге қонақ дәрісін өткізді. Кездесу барысында актер өз шығармашылығымен бөлісіп, кино және театр өнерінің ерекшеліктері, алдағы жоспарлары мен қазақ кино өнерінің дамуы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ бұл салада кездесетін қиындықтар …