Ақтөбеге ресейліктердің жаппай ағылуы аясында еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты жалға берілетін тұрғын үй бағасы да айтарлықтай өсті. Салдарынан ондаған студент жалдамалы пәтерлерінен кетуге мәжбүр болды. Қиын жағдайға тап болған жастарға жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде көмек көрсетілді. Оларға жатақханадан орын берілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 4 курс студенті Малика Штаконова Атыраудан. Ол болашақ дефектолог. Екі қызбен бірге облыс орталығының шетінен екі бөлмелі пәтер жалдап тұрдым. Алайда бірнеше күн бұрын …