23/01/2025
Лудоманияның алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде лудоманияның және заңсыз ойынның алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Аян Курмангазин, Астана ауданы №1 қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Қазбек Адайбаев, Premier Med клиникасының практик-психологы Малика Ешниязова және «Қадам» реабилитациялық орталығының жетекші маманы Айдын Джанасаев қатысты. Кездесу барысында лудоманияның зиянды салдары, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын …

Ары қарай оқу
23/01/2025
Нашақорлықпен күресу – қоғамның ортақ міндеті

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері, психиатр нарколог және теолог мамандар студенттермен кездесу өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу және жастарды есірткі тасымалдау, қолдану сияқты заңсыз әрекеттерден сақтандыру жолдарын түсіндіру. Ақтөбе облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Берік Айсин есірткі сатумен айналысушылар арасында өкінішке орай жастардың көп кездесетінін атап өтті. – Нашақорлық пен есірткі таратумен күрес үздіксіз жүргізілсе де, бұл …

Ары қарай оқу
20/01/2025
Хериот-Уотт университеті Ақтөбе кампусының өкілдері мектептерде ақпараттық сессиялар өткізді

Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусының өкілдері қаламыздағы №21, №23, №24, “Білім” және “Ақбөбек” мектептерінде ақпараттық сессиялар өткізді. Сессия барысында Мансап және кәсіптік бағдарлау департаментінің директоры Ә.Х. Жұмағазиев университет кампусы мен оқуға түсу талаптары туралы мәлімет берді. Эдинбург кампусынан келген академиялық менеджерлер Д. Свонсон мен П. Драбкова Хериот-Уотт университетінің әлемдік кампустары туралы ақпарат ұсынды. Академиялық ағылшын тілі оқытушылары А. Оразова мен А. Бисенгалиева қабылдау емтихандары жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, кампустың белсенді …

Ары қарай оқу
17/01/2025
Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусында Ашық есік күні өтті

Бүгін Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қаламыздың мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысты. Оқушылар кампусты аралап, университетке оқуға түсу шарттары, қабылдау талаптары және ұсынылатын мамандықтар туралы маңызды ақпарат алды. Хериот-Уотт Ақтөбе кампусының аға оқытушысы, PhD Әміре Жұмағазиев мамандықтар жөнінде арнайы презентация жасап, болашақ талапкерлерге пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, шетелдік профессорлар: Professor Muhammad Arshad, Dr. Muhammad Salman Kigai, Neda Eghtesadi, Daniel Swanson және жергілікті оқытушылар Хериот-Уотт …

Ары қарай оқу
17/01/2025
Профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткен спартакиада мәресіне жетті

Бүгін университетте профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткізілген дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Биылғы спартакиада 8 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды: ату жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, үстел теннисі, стритбол, шағын футбол, сондай-ақ қыздар мен ерлер арасында волейбол. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов спартакиаданың басты мақсаты бұқаралық спортты насихаттау ғана емес, сондай-ақ ұжым арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту екенін атап өтті. Жарыста факультеттер мен әкімшіліктен барлығы 230-ға жуық қатысушы командалық …

Ары қарай оқу
10/01/2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін  мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Тақта ғалымның өмір сүрген үйі – 12 шағын аудандағы №21 үйде ашылды. Рәсімге Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақсақалдар кеңесі, университет басшылығы, профессор-оқытушылар және Амангелді Айталының туыстары қатысты. Іс-шара барысында ғалымның елеулі еңбектері мен кең ауқымды қоғамдық қызметі ерекше атап өтілді. Университет ректоры Лаура Қарабасова профессордың университет ғылымын дамытудағы өлшеусіз үлесіне тоқталып, бар өмірін …

Ары қарай оқу