28/02/2025
Көшпенділер дәуірін жандандырған қаламгер

Жұбанов университетінде қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, тарихи романдарымен халқымыздың рухын асқақтатқан Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Кеш барысында Ілияс Есенберлиннің өмір жолы туралы баяндама жасалып, оның өмірі мен шығармашылығы дәріптелді. Студенттер жазушының әдеби мұрасы мен тарихи еңбектерінің маңыздылығын талқылап, оның ұлттық сананы оятуға, халықтың рухани байлығын арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар кеште Ілияс Есенберлиннің жүрек тебірентер жырлары оқылып, оның ақындық шеберлігі мен поэзиясының терең мәні …

Ары қарай оқу
28/02/2025
Жұбанов университетінде заң мен тәртіптің маңыздылығы талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде студенттермен заң және тәртіп тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрболат Махмутов, комплаенс кеңсесінің офицері Нұрлан Қаржаубаев және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Нурлин қатысты. Кездесу барысында заң және тәртіп тақырыбында сөз алған спикерлер еліміздегі құқықтық тәртіптің маңыздылығын және оны сақтау жолдарын талқылады. Ақтөбе облысы …

Ары қарай оқу
27/02/2025
Астрономия бойынша дуалды білім беру: Практикалық білім берудің жаңа бағыттары

Ақтөбе облыстық планетарийінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлзия Есімгүжиева Жұбанов университетінде 2019 жылдан бері практик маман ретінде «Физика» білім беру бағдарламасының студенттеріне астрономия саласының қыр-сырын үйретіп келеді.   «2020 жылдан бастап Ақтөбе облыстық планетарийі базасында Жұбанов университетінің «Физика» кафедрасының филиалы ашылды. Бұл жобаның аясында студенттерге астрономия пәні дуалды жүйеде оқытылып келеді. Мұндай оқыту тәсілі білім алушыларға теория мен практиканы қатар меңгеруге мүмкіндік береді. Студенттер университеттегі дәрістермен қатар, планетарийде ғылыми тәжірибелер мен …

Ары қарай оқу
26/02/2025
Жұбанов университетінде «Таза қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форум өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форум өтті. Ақтөбе облысы жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық ағартушылық жұмыстарын дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында өткен жиынға экология саласының сарапшылары, ғалымдар, мұғалімдер, мемлекеттік органдар, жастар ұйымдары өкілдері мен еріктілер қатысты. Форумның негізгі тақырыбы жастар арасында экологиялық таза әдеттерді қалыптастыру және табиғатты қорғау мақсатындағы тәжірибелер мен бастамаларды қолдауға арналды. Спикерлер «Жыл волонтері …

Ары қарай оқу
20/02/2025
Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген мықты ойыншылар 10 күн бойы тартысты ойын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Бүгін Жұбанов университетінде чемпионаттың жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Әйелдер арасында классика түрі бойынша алтын медаль Абай облысы командасының ойыншысы Аяна Исаханға бұйырды. Күміс медальді Астана қаласы командасының ойыншысы Гүлнар Базаралиева иеленсе, қола медальді Қызылорда облысы командасының ойыншысы Ұлдана Махамбеталин …

Ары қарай оқу
17/02/2025
Жұбанов университетінде қысқы қабылдау түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 2023 жылғы қысқы қабылдау кезеңінің алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім бағдарламаларын сәтті аяқтаған 49 магистрант магистр дәрежесін алып, жоғары білім жолындағы маңызды кезеңді еңсерді. Университет ректоры Лаура Қарабасова түлектерді құттықтап, магистрлер мен докторларға диплом табыстау өте ерекше рәсім болып табылатынын атап өтті.  "Бұл – Жұбанов университетінің тарихындағы ерекше сәт. Сіздер – қысқы қабылдау кезеңінің алғашқы түлектерісіздер. Бұл сіздерге ерекше мәртебе жүктейді. …

Ары қарай оқу