БАКАЛАВРИАТ

Гранттар конкурсына қатысу

Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен бөлінетін білім беру гранты конкурсына қатысу, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылдың 16 мамырынан 5 шілдесіне дейін өткізілген ҰБТ сертификаты қажет.

Гранттар конкурсына қажетті құжаттар

  1. Өтініш

    Арнайы бланкіде толтырылады.

  2. Білім туралы құжат

    Түпнұсқасы ұсынылады.

  3. 075-У медициналық анықтамасы

    Қ. Жұбанов атындағы университеттің емханасында міндетті түрде расталуы тиіс.

  4. Жеке куәлік

    Құжаттың көшірмесі. Салыстыру үшін түпнұсқасы қажет.

  5. ҰБТ сертификаты

    Ағымдағы жылдың 16 мамырынан 5 шілдесіне дейін өткізілген тестілеудің сертификаты.

  6. Ведомостан үзінді көшірме

    Арнайы және/немесе шығармашылық даярлықты талап ететін, соның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» саласындағы бағдарламалар үшін.

  7. Марапаттау дипломдарының көшірмелері

    Бар болған жағдайда: халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардағы; халықаралық және республикалық спорт жарыстарындағы; халықаралық көрмелердегі жеңістерді растайтын дипломдар.

  8. Скоросшиватель

    Құжаттар жиынтығына арналған.

  9. А5 конверті

    Құжаттар жиынтығына арналған.

  10. Жеңілдікті санаттарға арналған құжаттар

    Жеңілдіктер болған жағдайда. Растайтын құжаттардың тізімдері төменде берілген.

Жеңілдікті санаттарға арналған құжаттар

Өтініштің жеңілдіктер туралы бөлімі тиісті растайтын құжаттар ұсынылған кезде ғана толтырылады. Тізімді көру үшін санатты таңдаңыз.

Мүгедектігі бар талапкерлер

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар.

  • Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптама).

Медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті береді.

Мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылар

Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар үшін.

  • Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптама).
  • Талапкердің туу туралы куәлігі.
  • Мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті береді.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар

Жеңілдік негізіне байланысты растайтын құжаттар:

  • Белгіленген үлгідегі куәлік немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі.
  • Белгіленген үлгідегі куәлік, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамалары немесе тиісті белгісі бар әскери билет; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсету жұмысы туралы құжат; жаралану, контузия немесе мертігу туралы медициналық құжаттар; ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін берілген бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарының куәліктері.
  • Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушының куәлігі не азаматтық немесе әскери объектілердегі басқа радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға, ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқаны туралы құжат; не осындай қатысуды растайтын әскери комиссариаттың немесе Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтамасы.
  • Әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектігі бар адамның куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы куәлігі); жаралану, контузия, мертігу немесе мүгедектік туралы анықтама; ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі.
  • Белгіленген үлгідегі куәлік, жаралану, контузия, мертігу немесе мүгедектік туралы анықтама; ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы не жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі.
  • Белгіленген үлгідегі куәлік, жаралану, контузия, мертігу немесе мүгедектік туралы анықтама; тиісті санатқа жататыны және шетелдегі әрекет етуші әскери контингенттерге қызмет көрсету кезінде мүгедектік туындағаны туралы құжат; не жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі.
  • Белгіленген үлгідегі куәлік, Чернобыль АЭС авариясын, азаматтық немесе әскери объектілердегі басқа радиациялық апаттар мен аварияларды жою, ядролық қаруды сынау салдарынан туындаған мүгедектік туралы халықты әлеуметтік қорғау аумақтық бөлімшесінің анықтамасы; не аурулардың радиациялық әсермен себептік байланысын белгілеу туралы Орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысы.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар

Ата-анасының екеуінен де немесе жалғыз ата-анасынан айырылған жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған және өтініш берген кезде жалғыз ата-анасының не екі ата-анасының да қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.

Төмендегі құжаттардың бірі ұсынылады:

  • Ата-анасының екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не ата-анасының жоқтығын растайтын өзге құжаттар: ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі.
  • Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болғаны туралы анықтама.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар
  • Шетел азаматының жеке басын куәландыратын және ұлтының «қазақ» екенін растайтын құжат.
Көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлер
  • Барлық кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері.
  • Кәмелетке толған балалардың бірі ЖОО-да немесе колледжде күндізгі оқу нысанында оқыса, оқу орнынан берілген жарамды анықтама.
  • Ата-анасының жеке куәліктері.
  • Неке туралы куәлік.
  • Көпбалалы отбасы мәртебесі туралы куәлік.
Толық емес отбасылардан шыққан балалар

Толық емес отбасы мәртебесі — кемінде үш жыл

  • Талапкердің туу туралы куәлігі.
  • Некені бұзу туралы куәлік.
  • Ата-анасының біреуінің жеке куәлігі.

Ата-анасының бірі қайтыс болған жағдайда

Бұл санат үшін мәртебе ата-анасының қайтыс болған күніне қарамастан айқындалады.

  • Талапкердің туу туралы куәлігі.
  • Ата-анасының біреуінің қайтыс болғаны туралы куәлік.
  • Ата-анасының біреуінің жеке куәлігі.

Гранттардың тізімдері мен саны

PDF · 38 бет
2025–2026

Білім беру гранттарының тізімі

Гранттардың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінуі.

PDF · 2 бет
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ

Нысаналы гранттар саны

Университеттің нысаналы гранттары туралы құжат.

Ұлттық тестілеу орталығы

Қабылдау комиссиясы

Ақтөбе қ., Ә. Молдағұлова даңғылы, 34
Бас ғимарат, 102-кабинет

+7 776 786 12 85

Қабылдау және кәсіптік бағдар беру бойынша

admissions@zhubanov.edu.kz

Практика және жұмысқа орналасу бойынша

career@zhubanov.edu.kz
WhatsApp