Шетел тілдері факультетіндегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіби мамандарды тәрбиелеу.
Факультеттегі тәрбие ісі нақты жоспарға сүйене отырып, бірнеше маңызды бағыттарда жүзеге асырылады.
Атап айтқанда:
Отансүйгіштік пен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Инклюзивті білім беру арқылы тәрбиелеу(ортаға бейімделу және әлеуметтік қолдау);
Салауатты өмір салты мен дене тәрбиесін насихаттау.
Бұл бағыттар тәрбие жұмысының үш негізгі құрамдас бөлігімен тығыз байланысты:
• кәсіби еңбек мәдениетін қалыптастыру;
• азаматтық және құқықтық мәдениетті дамыту;
• студенттердің адамгершілік құндылықтарын нығайту.
Факультеттегі тәрбие жұмысы жүйелі түрде ментор сағаттары, Жастар саясаты бөлімі және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылады.
Студенттердің белсенділігін арттырып, олардың университеттегі қоғамдық өмірге араласуын қамтамасыз ету мақсатында өзін-өзі басқару құрылымы құрылған. Білім алушылар факультет кеңесіне, түрлі ұжымдық ұйымдарға белсенді мүше бола алады. Сонымен қатар, студенттердің бастамасымен құрылған Студенттік деканат өз жұмысын атқарып келеді. Бұл ұйым студенттердің білім алу барысы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне байланысты ұсыныстар мен сұрақтарды қарап, оларды шешуге ықпал етеді.
Оқу ақысы төленетін студенттер сессия нәтижелеріне қарай жеңілдіктерге ие болуға, бос мемлекеттік гранттар мен атаулы шәкіртақыларға үміткер болуға құқылы. Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде факультетте студенттердің жеке қабілеттерін дамытуға және олардың толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған.
Студенттік өмір. Шетел тілдері факультетінің студенттік ұйымдары
Шетел тілдері факультетінде студенттердің шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында 5 клуб пен 4 фракция жұмыс жасайды. Әр ұйымның өзіндік мақсаты мен бағыты бар, олардың барлығы студенттік бастамаларды қолдап, тұлғалық дамуға жағдай жасайды.
Клубтар
1. “GENZEE” би клубы
Құрылған жылы: 2024 жылғы қыркүйек
Клуб төрағасы: Маратқызы Аружан – 8 708 644 6727
Шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған клуб студенттерге би өнері арқылы өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді.
2. «EcoMadeniet» волонтерлық ұйымы
Құрылған жылы: 2024 жыл
Ұйым жетекшісі: Жолдыбаев Темірлан – 8 747 715 7464
Ұйымның мақсаты – экологиялық және экономикалық сауаттылықты арттыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалар мен іс-шаралар өткізу арқылы жастарды әлеуметтік жауапкершілікке баулу.
3. “Финекс” дебат клубы (ИЭК)
Құрылған жылы: 1 қыркүйек 2023 ж.
Клуб жетекшісі: Жолева Нұртілек (2 курс) – 8 705 818 9607
Клуб студенттердің сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін дамытуға бағытталған пікірсайыс алаңы ретінде жұмыс істейді.
4. “Тұран” дебат клубы (ИЭО)
Құрылған жылы: 1 қыркүйек 2024 ж.
Клуб жетекшісі: Нұрболатқызы Гүлзада (2 курс) – 8 708 562 5129
Интеллектуалды элиталар одағы аясында жұмыс істейтін бұл клуб студенттердің өз пікірін дәлелдеп жеткізу қабілетін дамытуды көздейді.
5. “ENGLISH SPEAKING CLUB”
Клуб жетекшісі: Башпаева Нұрая – 8 747 550 5629
Ағылшын тілін үйренуші студенттерге арналған клубтың негізгі мақсаты – сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған спикинг форматындағы кездесулер өткізу.
Фракциялар
Фракция студенттердің шығармашылық әлеуетін, вокалдық қабілетін дамытуға бағытталған. Түрлі концерттер мен өнер кештеріне белсене қатысып, практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
1. “LEP” ұйымдастыру және тренинг фракциясы
Құрылған жылы: 1 қыркүйек 2024 ж.
Фракция жетекшісі: Сағит Ханзада
Фракцияның мақсаты – студенттер арасында командалық рухты қалыптастырып, ынтымақтастықты арттыру. Сонымен қатар, әртүрлі тренингтер арқылы студенттердің жарыс тәжірибесін кеңейтіп, бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
2. “Be One” ән фракциясы
Құрылған жылы: 2024 жылғы қыркүйек
Фракция жетекшісі: Ұлықпанова Арайлым – 8 777 672 9966
3. «Genesis» ғылым фракциясы
Құрылған жылы: 2024 жыл
Фракция жетекшісі: Айболұлы Марсель (2 курс) – 8 702 785 3421
Фракцияның мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми жобалар мен интеллектуалды ойындар ұйымдастыру арқылы білімге деген құлшынысты қолдау.
4. «GOLD BALL» спорт фракциясы
Құрылған жылы: 2024 жыл
Фракция жетекшісі: Серіков Тоқтар – 8 702 893 7505
Фракция салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық ойындар арқылы студенттердің физикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Бұл ұйымдардың барлығы студенттердің оқу процесінен тыс белсенді өмір сүруіне мүмкіндік беріп, олардың көшбасшылық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін шыңдауға жол ашады.