Шифр, мамандықтың атауы:
7М02302 – Шетел тілі: екі шетел тілі
Аккредитациядан өтуі:
2022 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 14.12.2022 бастап 13.12.2027 дейін жарамды, Тіркеу номері АВ4598).
Берілетін дәреже:
7М02302 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім бағдарламасының білім магистрі
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі – 2 жыл
Кәсіби қызметінің саласы
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
- мамандандырылған мектеп, мектеп-лицейі, мектеп-гимназиясы;
- орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
- жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар
Кәсіби қызметінің нысандары
- университеттер мен ғылыми ұйымдар,
- орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары,
- мамандандырылған, бейіндік, арнайы, бастауыш мектеп.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми-ұйымдастырушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- ғылыми-педагогикалық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- өндірістік-технологиялық;
- редакция және баспа;
- мәдени және ұйымдық;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызмет және т.б.
Кәсіби қызметінің пәні:
- кәсіптік қызметтің әдістері мен принциптері,
- эксперименталды зерттеу,
- реферат және аннотация,
- іскерлік келіссөздер жүргізу және т.б.
Практика және тағылымдама базалары:
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Филология факультеті, Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы