2025 жылғы 27 қазан мен 10 қараша аралығында ағылшын және неміс тілдері кафедрасының шақытруымен Канададағы Торонто университетінің білім магистрі Мухаммад Шахидуль Ислам 6B01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі ББ 3-курс студенттеріне «Арнайы мақсаттағы тіл (C1)» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізіп, сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамына арналған воркшоптарды ұйымдастырды.
Академиялық сапар аясында Мухаммад Шахидуль Ислам кафедраның профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар кеңестер мен тәжірибелік семинарлар өткізді. Семинар барысында академиялық жазылым, ғылыми мақалаларды халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялау стратегиялары, сондай-ақ инновациялық тіл үйрету тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, пәнаралық және зерттеу тәжірибесін білім беру үдерісіне енгізу жолдары мен шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.
