БАСТЫ БЕТ > 6В02302 - АУДАРМА ІСІ > 6В02302 - АУДАРМА ІСІ

Білім бағдарламасы: 6В02302 – Аударма ісі
Білім бағдарламасының мақсаты: Аударма ісі саласында мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде сапалы меңгерген және аударма дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Оқу мерзімі: 4 жыл  жалпы орта білім негізінде және 3 жыл орта кәсіби білім негізінде
Білім беру деңгейі: бакалавриат 
Берілетін дәреже: 6В02302 - Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
Маманның лауазымдарының тізімі: 
- аудармашы;
- референт-аудармашы; 
- гид аудармашы;
- Туризмді ұйымдастыруға байланысты туристік кәсіпорындар және мемлекеттік басқару органдары: экскурсовод; туризм жөніндегі агент; туризм жөніндегі менеджер; билеттерді брондау жөніндегі оператор (әуе, темір жол); туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер; департамент директоры; туристік компанияның директоры.
Кәсіби қызмет саласы: 
- әкімшілік-басқару саласы;
- білім және ғылым саласы;
- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы;
- халықаралық байланыс саласы;
- баспа ісі саласы;
- бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
- ақпараттық-талдау саласы: экономика, юриспруденция, медицина, өнеркәсіп, логистика.
- Туризм және қонақжайлылық индустриясы, сондай-ақ туризммен тікелей немесе жанама байланысты ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және адам қызметінің басқа да салалары.
Кәсіби қызмет функциялары:
6В02302-Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- аударма (түрлі жанрлық мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ауызша аудармасы);
- ұйымдастыру (әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);
- отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде өндірістік-басқару (басшылық және/немесе кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әр түрлі түрлері)  ;
- ақпараттық-талдау (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хат-хабарларды, есептерді, шолуларды, болжамдарды жасау, аударымдарды редакциялау);
- ғылыми-зерттеу (практикалық материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).
Білім беру қызметінің функциялары:
- ғылыми-зерттеу (практикалық материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).
- туристік бизнестің түрлі салаларында туристік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқару;
- туристік фирма ұсынатын қызметтерді ішкі және халықаралық нарыққа жылжыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу және жарнамалық науқандарды ұйымдастыру;
- Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі және әлемнің жекелеген аймақтарындағы туристік қызметтер нарығының жай-күйіне зерттеулер жүргізу, туризмнің даму перспективаларын зерттеу және елдер мен аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, оны болжау;

Білім беру қызметінің түрлері:
-ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- өндірістік-технологиялық;
- сервистік-пайдалану;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру;
- туристік-рекреациялық;
- профилактикалық және іздестіру, құтқару қызметтері.

Студенттер "Аударма ісі: ағылшын тілі" және "Аударма ісі: қытай тілі" траекториялары бойынша білім ала алады. Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде студенттер Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында және алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде оқуға мүмкіндік беретін
халықаралық және Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.