БАСТЫ БЕТ > 6В02303 – ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ > 6В02303 – ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ

Білім бағдарламасы: 6В02303 – Шетел филологиясы
Білім бағдарламасының мақсаты: Шетел филологиясы мен әдебиетінен іргелі білімі бар, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар, журналистика және кәсіби қызмет саласында кәсіби құзыреттілікке ие, шетел филологиясын дамытуда заманауи білімі бар және оларды практикалық қызметте қолдана алатын бакалавр-филологтарды даярлау.
Оқу мерзімі: 4 жыл  жалпы орта білім негізінде және 3 жыл орта кәсіби білім негізінде
Білім беру деңгейі: бакалавриат 
Берілетін дәреже: 6В02303 – Шетел филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
Маманның лауазымдарының тізімі: 
- шетел тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы; 
- филолог-зерттеуші; 
- редактор.
Кәсіби қызмет саласы: 
- гуманитарлық бағыттағы орта кәсіптік оқу орындарында шетел тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде филологиялық білім беру саласында;
- бейініне сәйкес ғылыми ұйымдарда;
- ізденуші-филолог ретінде мекемелерде, БАҚ-та, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында, мәдени мекемелерде, 
- білім мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары, мекемелері;
- баспа ісі, теле және радио сала және т. б.;
Кәсіби қызмет функциялары:
6В02303-Шетел филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілер келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
Білім беру қызметінің функциялары:
- шет тілдер мен әдебиетті оқытудың өзекті лингводидактикалық мәселелерін шешу;
- филология және мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми-практикалық қызметті жүзеге асыру;
- шет тілді әдебиеттерді рефераттау және аннотациялауды жүзеге асыру;
- шет тілдер мен әдебиетті оқытудың өзекті лингводидактикалық мәселелерін шешу;
- шет тілі мен әдебиеті бойынша оқу үдерісін жоспарлау; 
- әдістемелік тапсырмаларды шығармашылық шешу;
- оқытудың дәстүрлі түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ инновациялық технологияларды қолдану;
- оқу процесін қажетті оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдарды жинаумен қамтамасыз ету және әзірлеу; 
- әдебиет және лингвистика саласында филологиялық зерттеулер жүргізу;
- нормативтік-құқықтық және этикалық стандарттарды ескере отырып, кәсіби қызметті жүргізу;
- теле, радио және баспа қызметінде мәтіндерді редакциялау;
- ағылшын тілін қажет ететін тілдік емес ортада кәсіби деңейде ағылшын тілін үйрету;
Білім беру қызметінің түрлері: 
- білім беру, ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу.

Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде студенттер Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында және алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде оқуға мүмкіндік беретін
халықаралық және Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.