БАСТЫ БЕТ > 7М02303 – ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ > 7М02303 – ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ

Білім бағдарламасы: 7М02303 - Шетел филологиясы
Білім бағдарламасының мақсаты: қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану саласында жүйелі білімі бар, кәсіби деңгейде шет тілді, коммуникативті құзыреттіліктерге ие, кәсіби және педагогикалық қызметті жетілдіруге және дамытуға қабілетті, мәдениетаралық байланысты жүзеге асыра алатын, салыстырмалы аспектте әдебиет пен мәдениет, тілдік объектілерді талдауда қазіргі заманғы тиімді әдістерге ие филолог-зерттеушілерді дайындау.
Оқу мерзімі: 2 жыл  
Білім беру деңгейі: магистратура 
Берілетін дәреже: 7М02303 - Шетел филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша филологиялық білім магистрі 
Маманның лауазымдарының тізімі: 
- сәйкес профильдегі ғылыми ұйымдардағы кіші звено филолог-зерттеушісі;
- гуманитарлық бағыттағы орта арнаулы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Кәсіби қызмет саласы: 
- білім беру ұйымдары, оның ішінде көптілді білімі беруі бар: лицейлер, гимназиялар мен колледждер;
- филологиялық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
- филология саласында мамандандырылған әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы өндірістік және өндірістік емес сектордың ұйымдары, мекемелері және қызметтері.
 Кәсіби қызмет функциялары:
- шетел тілдері мен әдебиетін оқытудың өзекті лингводидактикалық мәселелерін шешу;
- шетел тілдері мен әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлауға; әдістемелік мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу;
- оқытудың дәстүрлі нысандары мен әдістерін, инновациялық технологияларды қолдануға;
- оқу процесіне қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етуге; филологиялық зерттеулер жүргізу;
 Ғылыми-зерттеу қызметінде:
- филологияның әртүрлі ғылыми, ғылыми және практикалық салаларындағы типтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін кәсіби білімге және инновациялық технологияларды қолдануға негізделген ғылыми конференцияларға қатысу;
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу;
- стандартталған әдістемені қолдану;
- стандартты бағдарламалық пакеттерді қолдана отырып мәліметтерді өңдеу;
- нәтижелерді мағыналы түсіндіру;
 Тілдік қызметте:
- шетел тілін (ағылшын тілі) жалпы пән ретінде ағылшын тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектептерде, колледждер мен лицейлерде оқыту;
- оқу материалдарын жинау және жобалау; бекітілген жоспар мен бағдарламалар аясында практикалық сабақтар өткізу;
- оқыту нәтижелері бойынша тестілеуге қатысу;
- орта білім саласындағы оқу-әдістемелік жұмыстарға қатысу;
- әртүрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы мәтіндерді редакциялау және жаңарту;
Ұйымдастырушылық-басқару қызметінде:
- шетел тілдері мен әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлау;
- білім алушыларды оқу нәтижелері бойынша тестілеуді ұйымдастыру;
- ұйымның білім алушы қызметкерлерімен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізу;
- кәсіптік қызметті жүзеге асыруда нормативтік-құқықтық және этикалық білімді қолдану;

Жоғары оқу орнынан кейінгі 7M02303 - Шетел филологиясы білім беру бағдарламасының түлегі келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
- білім беру (тілдік);
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- шетел тілдерін этикалық білім негізінде игерген іргелі лингвистикалық және әдеби білімді қолдануды қажет ететін кәсіби қызметтің басқа түрлері.

Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде магистранттар Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында және алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде оқуға мүмкіндік беретін
халықаралық және Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.