Білім бағдарламасы: 7М02302 – Аударма ісі
Білім бағдарламасының мақсаты: Білім беру бағдарламасының мақсаты: қазіргі заманғы әдіснама мен аударма теориясының негізгі ғылыми ұғымдары туралы іргелі білімі бар, сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін сапалы білетін және аударма дағдылары бар жоғары білікті аудармашыларды даярлау.
Оқу мерзімі: 2 жыл
Білім беру деңгейі: магистратура
Берілетін дәреже: 7М02302 – Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша филологиялық білім магистрі
Маманның лауазымдарының тізімі:
- Аудармашы-зерттеуші
- Аудармашы - менеджер
- Ауызша ілеспе аудармашы
- Жазбаша техникалық аудармашы
- Көркем әдебиеттің жазбаша аудармашысы
Кәсіби қызмет саласы:
- Мемлекеттік органдар, баспалар, коммерциялық компаниялар, туристік агенттіктер, білім және ғылым саласы;
- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы; халықаралық байланыстар саласы.
Кәсіби қызмет функциялары:
- Шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне ғылыми, оқу, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы әдебиеттер, патенттік сипаттамалар, көркем әдебиет, шетелдік ұйымдармен хат алмасу, съездер, конференциялар, кеңестер, ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды орындайды, бұл ретте аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтау;
- Қазақ/орыс тілін білмейтін қызметкерлер мен тұлғалардың қатысуымен өткізілетін әңгімелер, кездесулер және басқа да іс-шаралар кезінде ауызша аударманы жүзеге асырады. Шетел әдебиеті бойынша аннотациялар мен рефераттар дайындайды.
- Шетелдік әдебиеттердің тақырыптық шолуларын жасауға қатысады. Терминдерді біріздендіру, аударылатын мәтіндердің тақырыбы бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру, орындалған аудармаларды, аннотацияларды, рефераттарды есепке алу және жүйелеу бойынша жұмыс жүргізеді. Ауызша аударманы сөйлеушінің (оратордың) сөзімен бір мезгілде ілеспе аудармаға арналған арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырады.
- Алдын ала дайындалған сөз сөйлеу мәтінінен ілеспе аударманы жүзеге асырады немесе алдын ала аударылған мәтіннен ілеспе оқуды жүзеге асырады. Аударылатын мәтіндердің лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін, белгіленген ғылыми, техникалық және басқа терминдер мен анықтамалардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, ілеспе аударманы орындайды.
Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде магистранттар Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында және алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде оқуға мүмкіндік беретін
халықаралық және Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.