БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Оқу және ғылыми қызметі

1998-2010 жылдар аралығында М. Бозжігітова, Н.Ә. Нұрғалиев, Г.Д. Хусаинова, З.Т. Әбетова, Ү.Қ. Сәрсембин, Е.Е. Мұханбетқалиев кафедра жанынан ашылған 09.00.11 – Әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі және сыртқы бөлімдерінде оқып кандидаттық диссертация қорғаған.

Кафедра жанынан ашылған аспирантурада білім алған жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік еткен ғалымдар: философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.А. Асаров, философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Рысқалиев, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Тайжанов. Кафедра жанынан білім алған аспиранттар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің Философия және саясаттану факультетіндегі және ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты жанындағы Диссертациялық кеңесте сәтті қорғап шықты.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы университеттің жарты ғасырға жуық тарихымен бірге (жарты ғасырға жуық уақыт аралығында) өзінің құрамына білікті кадрларды жинақтап, кәсіби білікті мамандарды шығарып отыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей кафедрада еліміздің Ұлттық университетінен білім алған өзге де мамандар қызмет атқарды, әлі күнге дейін атқаруда. Атап айтсақ, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Е. Каирова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х. Давлетьярова, аға оқытушы Б.С. Нурпеисова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Қ. Сәрсембина, саясаттану ғылымдарының кандидаты А.А. Кеңесов, философия ғылымдарының кандидаты Д.А. Мацюк осы кафедрада оқытушылық қызметте жүріп Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде докторантурада және  аспирантурада білім алды, ғылыми дәрежеге қол жеткізді.

Соңғы он жылдың көлемінде кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу, білім беру бағытында онға жуық ғылыми монографиялары мен оқу құралдары, жетпіске жуық ғылыми мақалалары жарық көрген, оның ішінде доцент Г.Д. Хусаинова, аға оқытушылар О.М.Мұхитов, А.Ч.Ешниязова және оқытушы А.К.Болысбаеваның мақалалары Scopus деректер қорына енгізілген журналдарда жарияланды.

Соңғы жылдар көлемінде кафедра бойынша жарық көрген ғылыми монографиялар:

  1. А.Айталы «Дін және діндарлық» (Қазіргі әлем мен Қазақстандағы дін және діндарлық мәселелері). – ҚРЖОО ассосиациясының баспасы, 2017. – 12 б.т.
  2. Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ интеллегенциясы мәдени феномен ретінде. Монография. / «Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 170 б.
  3. Симұқанова Г.С. Нарықтық экономика. Жаһандану. Ұлттық мәдениет. Монография. / «Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 186 б.
  4. Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ идеясының тарихи және мәдени кеңістіктегі таралымы. Монография. – Алматы: «Эверио» баспасы, 2020. – 170 б.
  5. Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ мәдениетінің рухани тұғыры. Монография. – Алматы: «Эпиграф» баспасы, 2021
  6. Мацюк Д.А. Этика ненасилия в глобальном мире и жизни казахстанского общества. Монография. – Алматы: Издательство «Эпиграф», 2021
  7. Хусаинова Г.Д. Сущность и формы религии. Монография. – Алматы: Издательство «Эпиграф», 2021
  8. 2025 жылдың 20 қазанынан 1 қарашасына дейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында университетіміздің Тарих кафедрасы базасында «Тарих және қоғамтану» мамандығының 5-курс студенттері мен ОГПУ-дің тарих факультетінің 2-курс магистранты оқудан және ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

     

    Бағдарлама барысында студенттер Тарих кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының дәрістеріне қатысты: т.ғ.д., профессор Избасарова Г.Б., т.ғ.к., доцент Перевезенцев А.Л., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бегимбаева Ж.С.

    Избасарова Г.Б. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы реформалардан кейінгі Қазақ даласының әкімшілік-аумақтық құрылымы, империялық саясаттың бағыттары мен жүзеге асу әдістері, саяси институттардың қызметі мен қазақ қоғамының оларға көзқарасы туралы дәрістер өткізді.

    Бегимбаева Ж.С. шетелдік студенттерді Орынбор ғылыми қоғамының тарихымен және оның ағартушылық қызметімен таныстырды. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында Орынбор өлкесі мен Батыс Қазақстандағы көшпелі халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған этнографиялық бөлімнің бағдарламалары мен нұсқаулықтарына талдау жасады.

    Перевезенцев А.Л. «Қазіргі АҚШ», «Тарихтағы тұлғалық фактор», «Посткеңестік кеңістіктегі АҚШ-тың сыртқы саясаты» тақырыптарында дәрістер өткізді. Студенттер АҚШ-тың мемлекеттік құрылымы, білім беру жүйесі және президенттердің қызметімен танысты.

     

    ОГПУ магистранты жалпы тарих, археология және этнография, сондай-ақ Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қазіргі заман тарихы бөлімдерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

    Қала мәдени бағдарламасы аясында тарих кафедрасының оқытушысы Насыров Р.Т.-мен бірге қонақтар Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Музейдің ғылыми қызметкері Искендиров С.Р. қызықты экскурсия өткізді.

    Сонымен қатар, к.и.н., доцент Перевезенцев А.Л.-мен бірге Орынбордан келген қонақтар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейіне барды. Музейдің аға ғылыми қызметкері Тәжбенова С.Б. қонақтарға экспозицияны таныстырып, музейдің тарихи жадты сақтау ісіндегі маңызын атап өтті.

     

    Бағдарлама соңында ОГПУ студенттеріне сертификаттар табысталды.

    Қ. Жұбанов атындағы АРУ-дың тарих және география факультетінің ұжымы бұл сапар көрші Ресей аймағының ғалымдарымен және студенттерімен академиялық ынтымақтастықтың жемісті жалғасы боларына сенім білдіреді.

  9.