БАСТЫ БЕТ > 8D02201 - ТАРИХ > 8D02201 - ТАРИХ

Шифры –мамандықтың  атауы:

8D02201 – «Тарих».

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2025 жылдың маусым айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық бағыт – 3 жыл;

бейіндік бағыт – 3жыл.

Берілетін дәреже:

8D02201 – «Тарих» мамандығы бойынша  гуманитарлық ғылымдар докторы (PhD).

Кәсіби іс – әрекетінің саласы:

  • жоғары оқу орны жүйесіндегі білім беру (педагогикалық) іс-әрекеті;
  • ғылыми зерттеу жұмысы;
  • сыртқы экономикалық және сыртқы саясаты салаларындағы басқару қызметі;
  • жобалық: жобалау, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарда кіші және аға қызметтер, кеңесші ретінде жұмыс жасау.

Кәсіби іс- әрекетінің пәні:

  • Дүниежүзі және отан тарихы салаларындағы арнайы ғылыми зерттеулер, тарихи деректер, кітапхана қорлары;
  • Әдіснама мен ғылыми және пәнаралық ғылыми зерттеулердің практикалық икемділіктерін білу және оларды оқытушылық, ғылыми- зерттеу, аналитикалық іс-әрекеттерде қолдану.

Кәсіби іс – әрекетінің түрлері:

  • педагогикалық әрекеті;
  • ғылыми-зерттеу әрекеті;
  • мәдени – ағарту әрекеті;
  • ұйымдастыру әрекеті;
  • сараптау – талдау әрекеті.

Кәсіби іс – әрекетінің нысандары:

Жоғарғы оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары, ведомствалық ғылыми – зерттеу ұйымдары, музейлер, архивтерде мемлекеттік басқарудағы ішкі саясат органдарындағы бақылау – талдау қызметі.

Іс – тәжірибе базалары:

  • Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейі;
  • Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты.

8D02201-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантураға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

1-ші деңгей 

1.    Дәстүрлі қазақ қоғамындағы исламдық руханияттың тарихи дамуы мен оның қоғам өміріндегі рөлін тарихнамалық және деректанулық тұрғыдан талдаңыз.
2.    Кеңестік аграрлық реформалардың ауыл шаруашылығының дамуына ықпалы туралы қазіргі тарихнамадағы тұжырымдарды сипаттаңыз.
3.    XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ-орыс және қазақ-қытай қатынастарының зерттелуіндегі теориялық және әдіснамалық мәселелерді саралаңыз.
4.    Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының кезеңдері мен тарихи маңызын бағалаңыз.
5.    Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың үлесі мен олардың тарихи рөлін бағалаңыз.
6.    Кеңестік тарихнамадағы Ресей империясының отарлық жер саясатын зерттеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдерінің мазмұны мен ерекшеліктерін талдаңыз.
7.    Жаңа заман кезеңіндегі Қазақстан тарихына қатысты шетелдік зерттеулерге тарихнамалық талдау жасаңыз.
8.    Қазақстандағы кеңестік тарих ғылымының қалыптасуы мен даму үрдістерін сипаттаңыз.
9.    Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы XVI–XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихының негізгі мәселелерін талдаңыз.
10.    XVII–XVIII ғасырлардағы Батыс тарихнамасында Қазақстан тарихының көрініс табу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
11.    ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени революцияның тарихы мен тарихнамасын талдаңыз.
12.    XVIII–XIX ғасырлардағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын бағалаңыз.
13.    Антикалық және ежелгі шығыс өркениеттерінің даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
14.    XVI–XVII ғасырлардағы Еуропаның экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
15.    Ағартушылық дәуіріндегі қоғамдық-саяси ой мен мәдениеттің дамуын талдаңыз.
16.    Қоғамдық дамудың эволюциялық және революциялық модельдерінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.
17.    Латын Америкасы елдеріндегі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың сипаты мен нәтижелерін бағалаңыз.
18.    Қазіргі Шығыс және Батыс елдерінің өркениеттік даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
19.    Э. Тоффлердің постиндустриялық қоғам теориясының негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
20.    Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында XIX ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген жаңа ғылыми бағаларды талдаңыз.
21.    Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи-демографиялық зерттеулердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
22.    Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құжаттарының ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттеудегі деректік маңызын мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
23.    Заңнамалық актілердің Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі дерек көзі ретіндегі маңызын бағалаңыз.
24.    Ресей империясының қазақ өлкесіне қатысты қабылдаған заңнамалық актілерінің мазмұны мен салдарын талдаңыз.
25.    ХХ ғасырдың 20–30 жылдарында Қазақстанда ғылыми мекемелердің қалыптасуы мен Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметін сипаттаңыз.
26.    А.Ш. Қадырбаев, Б.Е. Көмеков, С.М. Сыздықов және С.К. Игибаев еңбектеріндегі ерте мемлекеттік бірлестіктер мен тайпалық одақтар тарихының зерттелуін талдаңыз.
27.    Ю.А. Зуев, С.К. Игибаев, Т.З. Қайыркен, С. Қаржаубай және Т.С. Жұмағанбетов еңбектеріндегі көне түркі мемлекетінің тарихы мен мәдениетін зерттеу мәселелерін сипаттаңыз.
28.    Н.Я. Бичурин, В.В. Бартольд, Н.А. Аристов, Н.М. Бернштам және Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Түрік қағанаты тарихының зерттелу ерекшеліктері мен тарихнамалық тұжырымдарын салыстырмалы түрде талдаңыз.
29.    Қазіргі Батыс тарихнамасындағы антропосоциогенез мәселелерінің негізгі бағыттарын талдаңыз.
30.    Орта ғасырлардағы араб мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін сипаттаңыз.
31.    Француздық «Анналдар» мектебінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі тарих ғылымындағы орнын бағалаңыз.
32.    Ерте жаңа заман кезеңіндегі Еуропалық абсолютизмнің қалыптасу ерекшеліктерін талдаңыз.
33.    Еуропадағы Реформация қозғалысының себептері, кезеңдері және тарихи салдарын сипаттаңыз.
34.    Отарлық экспансияның алғышарттары мен ірі отарлық империялардың қалыптасу үрдісін талдаңыз.
35.    Жаңа заман дәуіріндегі Еуропа революцияларының алғышарттары мен нәтижелеріне деректанулық талдау жасаңыз.
36.    Жаңа заман дәуіріндегі халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін талдап, «ұлы державалар» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.
37.    Кеңес Одағының ыдырауының негізгі себептері мен алғышарттарын талдап, оның әлемдік геосаяси салдарын бағалаңыз.
38.    Кеңестік тарих ғылымындағы методологиялық шектеулердің мәні мен салдарын талдаңыз.
39.    Шежіренің Қазақстан тарихы бойынша деректер жүйесіндегі орнын айқындап, оның тарихи дерек ретіндегі маңызын бағалаңыз.
40.    Тарихнама ғылымының теориялық-методологиялық негіздерін талдаңыз.

2-ші деңгей 

41.    Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарих ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелерін саралаңыз.
42.    Деректану ғылымындағы негізгі ұғымдар мен терминдерді түсіндіріңіз.
43.    «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметіне талдау жасаңыз.
44.    Кеңестік тарихшылар еңбектеріндегі қазақ-жоңғар және қазақ-қалмақ қатынастары мәселелерін салыстырыңыз.
45.    «Әскери коммунизм» саясаты, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және өңірлік көтерілістер мәселесінің зерттелуін сипаттаңыз.
46.    Н.Е. Бекмаханов еңбектеріндегі қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысу тарихын баяндаңыз.
47.    Д. Қабдиев пен К.А. Жиренчин зерттеулеріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси санасының даму мәселесін талдаңыз.
48.    Антикалық қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі ерекшеліктерін талдаңыз.
49.    Ұлы Француз революциясының тарихнамасы мен тарихи маңызын бағалаңыз.
50.    «Өнеркәсіптік революцияның» Батыс қоғамының дамуына ықпалын талдаңыз.
51.    Әлемдік отарлық жүйенің қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
52.    Бірінші дүниежүзілік соғыстың демографиялық, саяси және экономикалық салдарын талдаңыз.
53.    Антикалық философиялық ойдың дамуы мен антикалық тарихнаманың негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
54.    Алаш қозғалысының қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үдерісіндегі рөлін және оның қазіргі тарихнамадағы бағалануын талдаңыз.
55.    Алаш партиясының бағдарламалық құжаттарындағы мемлекеттік құрылыс мәселелерін бағалаңыз.
56.    Қазақстандағы 1920–1930 жылдардағы кеңестік модернизацияның нәтижелері мен қайшылықтарын талдаңыз.
57.    Кеңестік модернизацияның қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына ықпалын бағалаңыз.
58.    Тәуелсіз Қазақстан жағдайында ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі бағыттарын талдаңыз.
59.    Қазақстандағы тарихи сана саясатының қалыптасуы мен дамуын талдаңыз.
60.    Қазақстан тарихын зерттеудегі қазіргі теориялық және методологиялық бағыттарды сипаттаңыз.
61.    Қазақстан тарихын зерттеудегі микротарих пен тарихи антропологияның мүмкіндіктерін бағалаңыз.
62.    Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекет және билік идеясының ауызша тарихнамадағы көрінісін сипаттаңыз.
63.    Қазақтың тарихи жырлары мен шежірелеріндегі мемлекеттілік идеясының көрінісін талдаңыз.
64.    Алтын Орданың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы орнын бағалаңыз.
65.    Алтын Орда мұрасының Қазақстан Республикасының қазіргі тарихи саясатындағы маңызын талдаңыз.
66.    Қазақ хандығы мен Жошы Ұлысы арасындағы тарихи сабақтастық мәселесінің тарихнамасын сипаттаңыз.
67.    Жошы Ұлысының саяси институттарының қазақ мемлекеттілігіне ықпалын бағалаңыз.
68.    Жошы Ұлысын зерттеудегі жаңа әдіснамалық бағыттар мен ғылыми еңбектерді талдаңыз.
69.    Жошы Ұлысы тарихын зерттеудегі жазба және археологиялық деректердің маңызын салыстырыңыз.
70.    Алтын Орда қалаларын археологиялық зерттеудің негізгі нәтижелерін сипаттаңыз.
71.    Алтын Орда дәуіріндегі урбанизация үдерісінің ерекшеліктерін талдаңыз.
72.    Алтын Орданың ыдырау себептері туралы негізгі тарихнамалық тұжырымдарды салыстырыңыз.
73.    «Ұлық Ұлыс» концепциясының ғылыми негіздері мен мазмұнын түсіндіріңіз.
74.    «Ұлық Ұлыс» концепциясының қазіргі Қазақстандағы ғылыми және қоғамдық-саяси маңызын бағалаңыз.
75.    Қазақстандағы деколониялық дискурстың қалыптасуының, дамуының және қазіргі жағдайының негізгі бағыттарын талдаңыз.

3-ші деңгей 

76.    Қазақстан тарихын деколониялық тұрғыдан қайта пайымдаудың негізгі бағыттары мен әдіснамалық ерекшеліктерін талдаңыз.
77.    Постколониалдық теорияның Қазақстан тарихын зерттеудегі мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалаңыз.
78.    Қазақстандағы деколонизация үдерісінің ғылыми және қоғамдық қырларын салыстырыңыз.
79.    Деколонизация және постколониализм ұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
80.    Отаршылдық және империялық дискурс ұғымдарының мазмұнын түсіндіріңіз.
81.    Мұсылмандық Ренессанстың түркі халықтарының саяси, мәдени және зияткерлік дамуына ықпалын бағалаңыз.
82.    А.Байтұрсыновтың «Революция және қырғыздар» мақаласының тарихи және саяси мәнін талдаңыз.
83.    Үндіарийлық теорияның негізгі қағидалары мен оның төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды сипаттаңыз.
84.    Қазақстандағы панисламизм және пантүркизм идеяларының қалыптасуы мен дамуын талдаңыз.
85.    Жошы Ұлысының қазақ қоғамының этносаяси қалыптасуы мен мемлекеттік-саяси дамуы үдерістеріндегі рөлін бағалаңыз.
86.    Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудағы цифрлық технологиялардың рөлін сипаттаңыз.
87.    Жасанды интеллекттің тарих ғылымындағы қолданылу мүмкіндіктері мен шектеулерін талдаңыз.
88.    Нарративтік деректердің ерекшеліктерін және олардың қазақ тарихын зерттеудегі маңызын түсіндіріңіз.
89.    Қызыл террор мен Үлкен террор саясатының тарихи салдарын салыстырмалы түрде бағалаңыз.
90.    Қазақстан тарихнамасындағы «отарлану» және «өз еркімен қосылу» концепцияларының эволюциясын талдаңыз.
91.    Түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістердің тарихи негіздері мен қазіргі даму бағыттарын сипаттаңыз.
92.    Қазақстандағы тарихи жады саясаты және оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін бағалаңыз.
93.    Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуындағы ресейлік білім беру жүйесінің ықпалын талдаңыз.
94.    Еуразия кеңістігіндегі көшпелі өркениет концепциясының негізгі бағыттарын сипаттаңыз.
95.    Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеудегі жаңа ғылыми концепцияларды талдаңыз.
96.    Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихи биографистика бағытының теориялық-әдіснамалық негіздерін бағалаңыз.
97.    Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудегі жаңа архивтік деректердің маңызын түсіндіріңіз.
98.    Тарих ғылымындағы цифрлық гуманитаристика (Digital Humanities) бағытының мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
99.    «Архив–2025» бағдарламасы мен оған ұқсас ғылыми-архивтік бастамалардың ұлттық тарихты зерттеудің заманауи тәсілдерін қалыптастырудағы маңызын бағалаңыз.
100.    Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы ұлттық мемлекеттілік идеясының эволюциясын талдаңыз.

8D02201-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантураға түсушілерге арналған эссе тақырыптары

1.    Түркі әлемі интеграциясының тарихи алғышарттары, қазіргі даму үрдістері және геосаяси перспективалары.
2.    Кеңестік тарихнамадағы «жоғарғы ыза» және «төменгі ыза» тұжырымдарының отарлық саясатты түсіндірудегі орны мен ғылыми шектеулері.
3.    Қазіргі тарих ғылымындағы методологиялық плюрализм және оның Қазақстан тарихын зерттеудегі мүмкіндіктері.
4.    Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен деколонизация үдерісінің өзара байланысы: Қазақстан тәжірибесі.
5.    Қазақстан тарихын жазудағы отарлық, ұлттық және постколониалдық парадигмалардың арақатынасы.
6.    Қазақстандағы топонимиялық деколонизация: тарихи жадыны жаңғырту мен ұлттық кеңістікті қайта құрудың құралы ретінде.
7.    Ресей империясының әкімшілік реформалары және олардың қазақ қоғамын трансформациялаудағы рөлі.
8.    Қазақ жерінің отарлануы мәселесінің қазіргі отандық және шетелдік тарихнамадағы интерпретациялары.
9.    Кеңестік білім беру жүйесінің тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі және оның қазіргі қоғамға ықпалы.
10.    Тарих ғылымындағы цифрлық трансформация: жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің зерттеу мәдениетіне ықпалы.